Нұржан Төлендиев: «Елді арзан күлкімен алдай алмайсың»

Screenshot_4.jpg

«Шымкент – күлкінің отаны» деген тіркестің дұрыстығын сөз жүзінде емес, іс жүзінд едәлелдеп келе жатқан әзіл+сықақ отауларының бірі + «Алдараспан» театры екені анық. Ашылғанына көп бола қоймаса да өз көрермендерін қалыптастыра білген бұл шығармашылық ұжым жуырда жаңа концерттік қойылымын әзірлеп, көпшіліктің назарына ұсынды. Театр жетекшісі, белгілі әртіс Нұржан Төлендиевпен арадағы сұхбат тек өнер жайында емес, отбасылық тақырыпта да өрбіді. 

  -   Бүгінде «Алдараспан» әзіл+сықақ театрына елдің ерекше назары түсіп отырғаны жасырын емес. «Шаншардан» бөлініп шыққан  шығармашыл жастардың  аяқ алысы қалай боларын байқап отырған көрермендер көп. Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқтала кетсеңіз

-  Қазір театрымызда 11 әртіс бар.  Қай-қайсысының болсын актерлік шеберлігі өз деңгейінде.  Онымен қоса «Ай-хай» триосының тұсауын кестік.  

Шығармашылық ұжымымызға ешкім көмек көрсетіп жатқан жоқ, бірақ өзіміз де біреудің көмегіне зәру емеспіз. Ешкімге алақан жайып барған емеспін. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болса, еңбектің өтеуі болатындығына сенемін.  Үлде мен бүлдеге бөленіп кетпесек те, қанағат қарын тойдырар. Айта кету керек, «қолдан келгенше, қолдау көрсетейік» деп жатқандар баршылық. Бірақ демеушінің де дүниесіне алдана бермеу керек. Біреуге тәуелді болсаң, тірлік ете алмайсың.  Алаңдаулы көңіл абыржытып тастайды. 

 - «Алдараспанның» жеке шығармашылық кешін бір жылдан соң барып қана өткізуін немен түсіндіресіз?  

  - Көрерменге берер тың дүниең болмаса, тыныш отырғаның дұрыс деп ойлаймын. Елді арзан күлкімен алдай алмайсың. Сол үшін біз дайындыққа алты ай уақытымызды арнап, шығармашылығымызды шыңдауға талпындық. Еткен еңбектің өтеуі жаман емес сияқты.  Қай жерге барсақ та,  халықтың ықыласында шек жоқ. Кейде тіпті екі күндік гастрольдерді үш үкнге созуға тура келді.   

 - Сатира - көрерменді күлдіру ғана емес, қоғамда болып жатқан кемшіліктерді әшкерелеу екені белгілі. «Бұл тұрғыдан алғанда «Алдараспанның» нысанаға алған тақырыптарына тоқталсаңыз. 

- Қарап отырсаңыз, жеңіл дүние  көрсетіп жүрген жоқпыз.   Естеріңізде болса,  «Евро моланы» қойып, мол байлыққа ие болып отырғандардың әрекетін әжуалағанбыз. Ысырапшылдыққа  ұрынғандар моланың басына зәулім сарайлар салып жатыр. Осыны көргендер ойланған шығар.  Арақ туралы интермедия құрып,  «шайтан судың» кесірінен шырқы бұзылған шаңырақтың тағдырын көрсеттік. Оны көріп, оңалып кеткендер жоқ шығар, бірақ араққа жоламау керектігін жас ұрпақ ұғынады деп ойлаймыз.  Қазір  Интернет кез келгеннің ермегіне айналған дүние болды.  Жасы да, кәрісі де оның көмегінсіз жұмыс істей алмайтын дәрежеге жетті. Телефонға телміріп, компьютерден көз алмастан танымайтын әлдебіреумен түннің бір уағына дейін сөйлесіп жатады. Есіл кеткен уақыт-ай!  «Агенттің» кесірі жұбайлар арасындағы жанжалға апаруда. Ал енді тегін білмей үйлену дегенді түсінбеймін. Болашақ жарымен жақын байланыс орнататын агент қоғамның кеселі болған соң, біздің келемежімізге айналды.  Өз басым интернеттің көмегіне жүгінбеуді жөн санаймын. Үйімде агент деген атымен жоқ. Балам да қолданбайды. Одан қайта екі кітапты қолына алып оқыса,олардың орнын алмастырады деп ойлаймын. Өйткені тереңіне түсіп, байыбына барады.  Агент азық болмайды, ал кітап - ғұмырлық азық. Бұдан басқа   медицина саласы да назардан тыс қалмады. Ақылы бөлімдегілерге жасалатын жағдай мен ол жерде жатып емделе алмайтын, қаражаты жоқ қазақтар жайлы қойылым қойдық. Оларға барлық уақытта көңілі түсіп қарай бермейтін ақ халатты жандардың әрекетін әжуаладық. Әйтеуір, қазір ақшаң болмаса, арам қататын жағдайға жеткеніміз жасырын емес қой.   

- Концерт барысында сахнаға ұлыңыздың шыққанына куә болдық. Шыны керек,  өнер адамдарының көбісі ұл-қыздарының осы салаға келуін құптамайды ғой?

-  «Балам әртіс, қызым әнші болса, ішіп кетеді. Өнерге өмірін арнап, тағдырымен арпалысады»  деген түсінік бұрыннан қалыптасқан. Жаратқанның көзі тура болсын деймін. Өмірін  өнерге арнаған  Нұрғиса Тілендиев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Асанәлі Әшімов сияқты қазақтың қайталанбас тұлғаларының  ізінен ерсе, сонау Парижге барып ән салған Әміре Қашаубаев халқымызды жолымен жүрсе жаман болмайды ұлым қателікке бой алдырмайтын шығар деп ойлаймын. Қазақты әлемге   бай мәдениеті, қайталанбас ұлттық салт+дәстүрі танытты емес пе.  Өзіміз де алдымен, Алланың, одан кейін өнердің арқасында, ел аузындағы азаматтың бірі болып жүрміз ғой.  Менің, жалпы, ұстанымым - баланың тілі мен жағына сүйеніп, жасына жетпей қазымырланып тұрғанын жақтырмайтын адаммын.  Өзі кәмелет жасына жеткен соң, ойнаймын десе, қарсы болмаймын. Консерваторияға апарып, оқуға түсіруге де дайынмын. Таланты мен талабы болып жатса, ойнатамын. 

Screenshot_3.jpg

 - Сахнаға шыққан ұлыңыз тұңғышыңыз ғой?

- Ия, тұла бойы тұңғышым. Жасы тоғызда. Есімі - Рауан. Одан өзге тағы бір ұл, екі қызым бар.  Рауанның өнерге деген ықыласын 5 жасында байқадым. Ол кезде  «Шаншар» театрының актері едім. Содан бір күні ұлым «ән айтайыншы» деп қиылып келіп тұр. Сахнаға шығарсақ, айта алмай қала ма деп, екіұдай ойда болдым.  Бірақ сахнаға шыққан соң, елдің ықыласының ауғандығын байқадым. Содан бері, өнерін ұштауға септігімді тигізіп келемін.  

- Отбасы мәселесіне келгенде қаталсыз ба?

- Байқайтыным, балаларым менің сөзімді екі етпеуге тырысады. Кейде дауысым қатты шығуы да мүмкін. Бірақ ертең тәртіпке көндіккен ұл, тәрбие алған қыз тегіне сөз келтірмейді. Анасы барлығын реттеп отырады. Оттың басында отырған сүйікті жарым Ақнұр балаларымыздың бар жағдайын жасап отыр. «Тәрбие - талбесіктен» дейді. Түн ұйқысын төрт бөліп, төрт бүлдіршінді дүниеге әкелді. Ақнұр –отбасымыздың қамқоршысы. Сондықтан отбасында  «әке сөзі- парыз, ана сүті- қарыз» деген даналықты естен шығармаймыз. Мамандығы әртіс болғанымен, өзін отбасына арнаған жан. Бір үйге бір әртіс жетеді.  

-Әңгімеңізге рахмет. 

Oinet.kz мұрағатынан

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: