- Сіз бір жылдары аудандық газеттің редакторы болып қызмет еттіңіз. Ауданның әкімі ауысқан тұста сізді қызметтен «өз еркіңізбен» кетірмек болғанда әзілқойлығыңызға салып әкімдіктегілерді бір қатырған дейді ғой. Ол қандай оқиға еді?
- Ауданды Дархан Мыңбай басқарған жылы мені аудандық газетті басқаруға шақырды. Келістім. Істедім. Әкім ауысқанда мені кезінде көкелеп жүретін, кейін жаңа әкім аппаратының басшысы болған жігіт шақырып, «кейін қайта бекітеміз, әзірге «өз еркіңізбен» жұмыстан босату жөнінде алдын-ала арыз жазыңыз» деді. Маған ғана емес, барлығына да осындай тапсырма болды. Сол кезде мен арызды «өз еркіммен босатпауыңызды сұраймын» деп жазып бердім. Оны ешкім де байқаған жоқ. Осы арыз негізінде кейін мені жұмыстан босатты.
- Арызды осылай жазғаныңызды кейін қалай білді?
- Әкімшіліктің заңгеріне жолығып қалған кезде өзім айттым. Ол «ойбай, көке, құрттыңыз ғой» деп әкімшілікке жүгіріп кіріп кетті. Содан кейін маған әркімді бір жібертіп, қайта-қайта әкімге шақыртты. Алғаш бармай жүрдім, кейін арызды қайта жазып бердім.