Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов «Қазақстан аруы-2019» байқауы туралы айтты. Оның айтуынша, байқау әлемге Қазақстанда әдемі және қонақжай халықтың өмір сүретінін көрсету үшін арналған.
Бұған дейін Ерлан Қожағапанов қазақстандық қыздардың сұлулығын тамашалау үшін Үндістан мен Қытайдан туристер біздің елімізге сұлулық байқауына арнайы келетінін айтқан болатын.
«Кез-келген іс-шара, мейлі бұл сұлулық конкурсы болсын, ұлттық спорттық турнир болсын, гастрономиялық немесе музыкалық фестиваль болсын, егер олар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, дұрыс маркетинг жасалса, онда шетелден және өз елімізден туристерді көптеп тартуға болады.
Сондықтан да «Қазақстан аруы» - Қазақстанды әдемі және қонақжай халық өмір сүретін ел ретінде танытудың бір жолы», - деді Қожағапанов.
Халық арасында кейбір елдерден, мысалы Үндістан туристері Қазақстанға интимді туризм үшін келетініні жөнінде жиі айтылады. Ерлан Қожағапанов бұл пікірге қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, мұның бәрі стереотип. Егер адам бір нәрседен негатив іздесе, міндетті түрде табатынын айтты.
«Елімізге келетін көптеген туристердің ара-арасында интимді қалайтындар болса, бұл бүкіл аймақтың шекарасын жабу керек дегенді білдірмейді. Мұндай жағдайларды батыл түрде тоқтатып, біздің ел үшін мұндай бейнені үнемі алып тастау керек. Туризм саласын дамытуға жауапты саланың атынан мен біздің елімізге өздерінің азғындық ойларын жүзеге асыруға келгендердің әрекеттерін дереу тоқтатылатынын мәлімдеймін. Анайы әрекеттер жасаған адамдар заңмен қудаланып, елден шығарылады», - деді вице-министр.
Дереккөз: Nur.kz