Атырауда әуежайда әйел адамға абайсызда оқ атқан полицей жұмыстан шығарылды

Screenshot_5.jpg

Атырау халықаралық әуежайында әйел адамға абайсызда оқ атып жіберген полицей ішкі істер органдарынан шығарылды, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қаруды абайсыз қолдану фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, соның нәтижесінде полиция сержанты Б.М. Мамбетияров полиция қызметкері атағының беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, оның тікелей басшысы атқарып отырған лауазымынан босатылып, басқа да бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтада өткен брифингте Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов айтты. "Мен Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылығына зардап шеккен Наталья Дажукке қажетті көмек көрсетуге тапсырма бердім", - деді Қабылов. 

Қазіргі уақытта Дажуктың жағдайы қанағаттанарлық және ол бүгін ауруханадан шығарылады. Департаменттің жедел-тергеу бөліністерінің қызметкерлері немқұрайлық фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. "Көліктегі полиция департаментінің басшылығы болған факті бойынша өкініш білдіріп, Дажукке қажет көмек көрсетуді өз мойнына алады", - деді полиция полковнигі. 

Еске сала кетейік, кеше, 29 наурызда Атырау әуежайында полицейдің абайсызда әйел адамға оқ атып жібергені хабарланған болатын. Бұл оқиға тексеру бөлмесінде болған. 

Screenshot_2.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: