Ресейде киноға шектеу қойылмақ

Screenshot_4.jpg

Ресей мемлекеттік думасының депутаттары  осы аптада өте маңызды шаруаға білек сыбана кірісті. «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау» туралы заң жобасы бірінші оқылымда-ақ қабылданды. Оның мәні – Ресей телеарналарына сағат 23-00-ге дейінгі уақытта телефильмдерді көрсетуге тыйым салынбақ. 

Думаның отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерімен айналысатын комиссиясы заң жобасын ұсынып, онда алкоголь, есірткі, темекі,  анайы сөздер, құмар ойындарды қамтитын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын  ақпараттың кз-келген түріне тыйым салу керектігін талап етті.  Себебі, бұл балалардың қалыптасуына үлкен зиян келтіреді. 

  Телеарна басшылары депутаттардың мақсатын бірден түсініп қойды. «Рен ТВ» компаниясы бас директорының орынбасары Лариса Пригородова бұл жайлы «бұл заң толық қабылданса біз түнгі 23-00-ге дейін кино көрсету құқығынан айырыламыз. «Рэмбо» фильмінде адам өлтіреді, «Девчата» фильміндегі кейіпкерлер арақ ішеді. Яғни, бұның барлығы шектеулердің шеңберінен шыға алмайды», - деді. 

Заң жобасына сәйкес, бұндай фильмдерді балалар теледидар көретін уақытта мүлдем көрсетуге болмайды. Яғни, таңғы 06.00-ден бастап кешкі 23.00-ге едйінгі аралықта теледидардан зорлық-зомбылықты насихаттайтын дүние көрсетілемуі тиіс. 

  Мамандардың пікірінше, осы заңның салдарынан  телеарналар аудиториясының 20 пайызын жоғалтады. Демек, жарнамадан түсетін табыс мөлшері де күрт азаяды. 

Дегенмен, Думаның депутаттарын телеарна емес, балалардың жағдайы  көбірек мазалайтын көрінеді. 

Заңның  бірқатар қызықты тұстары бар. Айталық, егер зорлық-зомбылықты айыптап, оның зиян екенін насихаттайтын фильмді тек 21-00-ден кейін көрсетуге рұқсат берілген. 

 Заң жобасы тек фильмдерге емес, сонымен қатар жарнамаға да шектеу қоймақ. Мәселен, бұған дейін темекі мен алкогольді өнімдердің жарнамасы балалар көп шоғырланған жерлерден (мектеп, балалар алаңы) 100 метр қашықтықта жарияланып келсе, енді бұл қашықтық 500 метрге дейін ұзартылды. Бұған темекі сатушылар ұайымдап отыр. «демек, үлкен қалаларда біздің жарнамамыз түбірімен жойылады, - дейді темекі өнімдерін шығарушылар ассоциациясының бас директоры Вадим Желнин. - Өтйкені, қаланың кез-келген  аумағынан балалар көп шоғырлаған мекемені табуға болады». 

Тағы бір жаңалық – балалар бағдарламасындағы жарнамалық үзілістердің арасы кемі 30 минутты құрауы тиіс.  Өз тарапынан телеарна басшылары бұл балалар бағдарламаларын жасауға деген қызығушылықты толықтай жоятынын айтып отыр. 

 Қалай дегенмен, біздің  мәжілісмендердің ресейдегі әріптестерінен үлгі алатын тұстары мол екен. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: