«Шаһ Мұхаммед» мансабын шәй құюдан бастаған

Screenshot_3.jpg

Көпшілікке "Қазақ хандығы" фильміндегі Шаһ Мұхаммед рөлі арқылы танылған Нияз Шайсұлтанов кино саласына қалай келгендігін айтып берді. Актер KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында   бұл жобаға аяқ астынан, байқаусызда келгенін айтқан. 

 "Бірде "Қазақфильмнің" дәлізінде Серікбол Өтепбергенов деген режиссер ағамыз Рүстем Әбдірашевпен әңгімелесіп тұр екен. Ол кісімен мен 2013 жылы Алматыда танысқан едім. Нақтырақ айтсам, сол кісінің түсірілім алаңында режиссерге шай құятын адам болып жұмыс істеген едім. Өздеріңіз білесіздер, бірінші келген кезде, кастингке, жұмысқа ешкім алмайды. Бірақ үлкен қалада күн көріп, тіршілік ету керек қой? Сондықтан кез келген жұмысқа келісуге тура келді. Сұраққа қайта оралайын, сол Серікбол Өтепбергенов Рүстем Әбдірәшевке: "Мынау Нияз деген бала кез келген жұмыстан қорықпайды" деп таныстырып, қолдау көрсеткен-ді. Сол кезде Рүстем аға: "Әй, сен Шайбан шахтың баласы емессің бе?" деп салды. Мен сасқанымнан: "Жоқ, мен Шайсұлтанның немересімін" дедім. Рүстем аға сөйтіп мені "фотопробаға" шақырды. Сол сәтте ағаның дәлізде тұрып: "Руша, Руша, я нашел Шах Мухамеда" дегені әлі есімде",- дейді Нияз. 

Screenshot_2.jpg

    Актер сондай-ақ тарихи тұлғаны сомдау үшін классик режиссерлердің біраз кітаптарын оқығанын жасырмады. 

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: