Әбдіжаппар Әлқожа "31" арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында қожалар жайлы ел арасында айтыла бермейтін жайттарды атап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің сөзінше, қазіргі уақытта қожалардың көп жігіттері әйелді қарадан алып жатыр.
"Қазір қожалардың көп жігіттері қарадан қыз алып жатыр. Бірақ, менің ағаларымның бәрі қожадан қыз алған. Біздің әулетте тек Роза әпкем ғана албан жігітіне тұрмысқа шықты. Қалған екі әпкем қожаға тұрмысқа шықты", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Сондай-ақ әнші қожалардан кезінде мықты ишандар шыққанын жасырмай айтып берді. "Түбі арабтан шыққаннан кейін ишан деген нәрсе, үлкен сопылардан кейінгі мұсылманның дәрежесі. Ілімнің, білімнің дәрежесі. Ишандар тек қожалардан шығады. Сопылар да сондай. Қазақтан шыққанды молда деп айтады. Пір бекет бар қазақтан шыққан.
Қалғанының бәрі қожадан шыққан. Арыстан баб пен шәкірті Қожа Ахмет Иассауи де қожадан шыққан. Ишандар бір құран мен сүрені айтқанда, жынын суырып алатын болған. Ондайлар қазір жоқ. Соның азайып кетуі. Аталарымыз үш жүзден, қазақтан алып қойды. Сөйтіп қан бұзылды. Егер қазақтан араласқан болса, олардан ишан шығу қиын", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Сондай-ақ бағдарлама жүргізушісі Әбдіжаппардың әйелінің руы жайлы әңгіме өрбіткенде, әнші сұраққа жауап беруден бас тартты.