Қазақ азаматынан қызды болған конголық әйелдің өтірігі әшкере болды

Screenshot_1.jpg

Моника Камукенждің қазір Блессинг-Маша Камукен есімді 6 айлық қызы бар. Қара нәсілді ару мейрамханада биші болып жүріп, қазақстандық Мәулен есімді азаматпен танысқанын айтқан болатын.

Алайда бағдарлама жүргізушілері Мониканың айтуы бойынша Павлодардан Мәулен есімді 31-33 жастағы азаматтарды іздеген. Табылған төрт азаматтың біреуі де Мониканың айтқан азаматы болмай шықты. Бағдарлама соңында Дина Төлепберген Моникадан қызын қашан өмірге әкелгенін сұраған. Ал Моника Камукенж Блессинг-Маша Камукенді 19 тамыз күні өмірге алып келгенін жеткізді.

Айта кетейік, конголық ару Қазақстан шекарасына 2017 жылдың 27 желтоқсанында келген. "Желтоқсанның 27-не Моника Қазақстанға келген. Мөртаңба тұр. Блессинг 17 тамызда өмірге келді. Егер оны 9 ай көтерген болсаңыз, сіз оны қараша айында көтергенсіз. Демек, Қазақстанға сіз жүкті болып кірдіңіз. Деректер мен дәйектер осы. Мен ештеңені ойдан шығарып отырған жоқпын. Тек осыны мойындаңыз.

Сіздің ауыр жағдайыңызды түсінеміз. Біз сізге шын мәнінде көмек көрсетеміз. Егер жалған айтсаңыз, сізге көмектесу мүмкін болмайды", - деді бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген. Алайда Моника Камукенж сәбиін Конго елінен аяғы ауыр болып келгенін мойындамады.

"Мен баланың анасымын ғой. Мен ондай мәселелермен кездейсоқ келген жоқпын. Баланы қашан туғанымды білемін. Конго елінде аяғым ауыр болмады", - деді конголық ару.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: