Бүркіт жұлдыз ауруына шалдыққан адам қандай болатынын айтты

Елімізге танымал әнші Бүркіт шоу-бизнес өкілдері жиі шалдығатын "жұлдыз" ауруы туралы айтып берді. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген әнші көпшіліктің өзін сырттай көріп, қате баға беретінін мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен ешқашанда "жұлдыз" ауруымен ауырған емеспін. Ондайдан Алла сақтасын. Мен ол аурумен ауырған адамдарды көргенмін. Олар ештеңе сезбейді. Сол сәтте адам ешкімді көрмей қалады. Танымалдылықты көтере алмай қалғандарға тура қойылған диагноз ол", - деп күлді әнші.

Сондай-ақ, Бүркіт өзінің суық сырт келбетіне қарап, адамдардың өзіне жақындауға қорқатынын да жасырмады.

"Кейбір адамдар мен туралы қате ойлайды. Мені көпшілік орында кездестіріп қалғандар түйілген қабағыма қарап, "жұлдыз" ауруына ұшыраған деп жақындамайды. Бұл жайында талай естігенмін. Бірақ, менімен сөйлессеңіздер олай емес екенін түсінесіздер", - деді Бүркіт.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: