Белгілі спортшының тойында Тамара Асарға уыстап ақша шашты (видео)

Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Айбек Имашевтің шаңырақ көтеру тойында ән шырқаған Тамара Асарға қуаныш иелері ақша шашқан. Жерге шашылған көк қағаздарға тойға келген қонақтар таласып қалды деп жазады NUR.KZ.

Белгілі спортшының тойында түсірілген видео Instagram желісінде таралып кеткен.

Кадрда Тамара Асардың ортаға шыққан екі жастың жанына барып, ән айтып тұрғаны көрінеді.

Сол сәтте белгісіз бір адам көк қағаздарды уыстап шаша бастайды. Ал олардың қасында билеп жүрген той қонақтары ақшаға таласып қалған.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары аспаннан ақша жауған үйлену тойына қызықса, енді біреулері көк қағазды аямай шашқан той иелері мен ақшаға таласқан қонақтарды сынға алды.

Видео мына сілтемеде: https://www.instagram.com/p/BqYzLGbnRqC/


Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жеңіс Ысқақова: «Келін деген - құл»
  • Жеңіс Сейдоллаұлының анасы өмірден озды
  • Ақтөбелік жігіт Парижде өртенген шіркеуді қалпына келтіруге ақша аударды
  • Баян Алагөзова сіңлісі Ашаны КешYou тобына неге қабылдамады?
  • Димаштың ерекше клипі ресейліктерді жылатты (видео)
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: