Белгілі дінтанушы әйелдерді үйден шығармаған молдаларды қатаң сынға алды

Көп мәселе дінге байланысты, оны жоққа шығаруға болмайды!

Мысалы, көптеген мұсылман елдерінде әйелдердің 60-80 пайызы сауатсыз, оқи алмайды да, жаза алмайды да!

Молдалардың басым көпшілігі қыз балаларды оқытпаңдар деп уағыз айтады, әйелдің міндеті үйде отырып, бала табу, тамақ пысыру дейді, ғасырлар бойы өстіп санаға құйған.

Ал осындай қоғам әйелдері сауатты, бәрінің қолынан іс келетін, мамандығы бар, экономиканың дамуына қосқан үлесі бар елдермен жарыса ала ма, қане айтшы?

Халық санының кемінде 50 пайызын үйге қамап, тас қараңғы қалдырсаң, олардың өндіру күшін өлтірсең, интеллектуалды потенциалын құрытсаң, адами капиталыңның тең жартысын ысырып тастап, Батыс елдерімен, Америкамен, Жапониямен қай жеріңмен бәсекеге түспексің ей мұсылман бауырым?

Бұл бір мысал ғана, діннің экономикалық даму мен саяси тәуелсіздікке қатысты жақтарын түсініп алғаның жөн, ол саяси құрал ретінде де, саясатқа ықпал ету құралы ретінде де маңызды…

Мұртаза Жүнісұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: