Заң жобасын әзірлеуші-органадар ағылшын тілін орындаушы деңгейінде білуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы заң шығару процесін жетілдіру мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз ең үздік әлемдік практиканы (заң шығару процесінде) тиімді енгізгіміз келсе, жаңа тәжірибені жылдам зерделеуге мүмкіндігіміз болуы қажет. Негізгі трендттер мен табысты тәжірибені зерделеу заң жобалау қызметінің маңызды элементі болып табылады. Әдетте, бұл ақпарат бірінші кезекте ағылшын тілінде қолжетімді болады. Сондықтан, әзірлеуші-органдар үшін орындаушылардың деңгейінде ағылшын тілін білу қажет. Әділет министрлігінің Кадр саясаты осы қағидатқа сүйене отырып жұмыс істейді»,- деді ол.