Осыдан екі апта бұрын бокстан әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсонның 4-жасар қызыбақытсыз оқиғаға ұшырап, қайтыс болған. Соған қарамастан 42 жасар Тайсон жақында үшінші рет үйленіп алды. Оның жаңа әйелінің есімі – 32 жасар Лакихи Спайсер. Тайсон алғаш рет 1988 жылы актриса Робин Гивенске үйленіп, небәрі бір жылдан соң ажырасып тынды. Тайсоннан қорқатынын мәлімдеген Гивенс «Темір Майктан» құтылғанына қуанышын жасырмады. Екінші әйгілі боксшы 1997 жылы отау құрды. Бұл жолғы сүйіктісі – Моника Тернермен бес жыл бірге өмір сүргенімен, ақырында дәм-тұзы жараспай онымен де ажырасуға барды. «Бұл жолы қателеспегеніме сенімдімін» деген Майк өзінің бақытты екенін жасырмайды.
Тайсон үшінші рет үйленді
Пікір жазу( 0 Пікір) |