Түркістанда жастар 70-100 мың теңге жалақы аралығындағы жұмыстарға орналастырылады

1550218756915010.jpg

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев елге есеп беру кездесуінде көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдайтын жобаларды жария етті. Жастар жылында облыс жастарының білім алуына, жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау білдіруге басымдық беріледі. 

- Елбасымыз жастармен өткен кездесуде жастарға байланысты негізгі 4мәселегетоқталды. Соның бірі – жұмыссыздық мәселесі. Елбасымыз жастарды Түркістан қаласының құрылысына тартуды арнайы атады. Қазір біз «Түркістан жастарының құрылыс жасағы» ұйымын құрып, 3000-нан астам азаматтың тізімін жасақтадық. Ақпанның ішінде мердігер құрылыс компанияларымен меморандумға отырып, наурыздан бастап жастарды құрылыс жұмыстарына жібереміз. Тұрақты жалақы көлемі 70 000-100 000 теңге арасында болмақ, - деді өңір басшысы.

Қалалық және ауылдық жерлерде де жастарға кәсіпкерлікпен айналысуға қолдау күшейтіледі. Түркістан облысындағы жас кәсіпкерлерге кепілсіз 2 млн теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиені жылдық 4%-бен алатын болады. 

“Ауылшаруашылығын қолдау қорыарқылы ауыл аймақтағы 200-ден астам жас кәсіпкерге төмен пайызбен 1,5 млрд теңге несие беруді көздеп отырмыз,” деп атап өтті облыс басшысы. 

“Жастар практикасы”бағдарламасы аясында 5500-ге жуық жасқа қолдау білдіру үшін 2 млрд теңге бөлінеді. 

Сонымен қатар, 1200 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткізіп, олардың кемінде 80%-ына төмендетілген пайызбен несие берілетін болады.

«Жастарды тұрғын үймен қамту» жобасы аясында түрлі көздерден 260 жасты баспанамен қамту көзделуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: