Шымкенттің экс-әкімі тоқалынан туған қызын мойындамаған

Screenshot_16.jpg

Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлы кәмілетке толмаған қызды зорлаған. Одан соң 17 жасар қыздың анасына қалың малын беріп, өзіне тоқал еткен. Уақыт өте келе Әлия  екі қыз дүниеге әкеледі. Бірінші қызы мүгедек болып туған Әлияның екінші қызын әкім мойындамай отыр. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz.

Әлия Байділдаеваның айтуынша отбасы қиын жағдайды бастан өткергенде анасы Шымкент қаласының экс-әкімі Өмірзақ Әметұлынан көмек сұраған. Содан Әлия әкімнің үйінде бала күтуші болып жұмыс істей бастаған. Кейіннен әкім Әлияны жалған себеппен үйіне шақырып алып зорлаған. 

«Ол менен 35 жас үлкен. Мен 17-де ол 53-те  еді.  Мешітке барып неке қидыртып, 14400 долларды анама санап беріп жатқанын өз көзіммен көрдім. Ол қалың мал және қыздың пәктігі үшін деп бергенін естідім.  Содан арамызда екінші бала дүниеге келді. 2014 жылы әкімнің отбасы менің екі балам туралы білді. Бәйбешесі:"Әлия ештеңе жасамайсың, барасың да балаларды "балалар үйіне" тапсырасың. Сен де тыныш, мен де тыныш. Өз өміріңді әріқарай сүре бер. Әлі сен жассың»,-деп мені балаларымнан бастартуға мәжбүрледі",- деп барлық шындығын айтты Әлия Байділдаева.

Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлы тоқалынан туылған екі баласының біреуін өз балам емес деп, Әлияға қоқан-лоққы көрсеткен. 10 жастағы мүгедек қызы Гүлжанды  мойындағанымен, екінші Қасиет атты 7 жасар қызын мойындамаған болатын.

Жүргізілген ДНК нәтижесі бойынша Әлия Байділдаеваның екі баласы да Өмірзақ Әметұлынан екені дәлелденді. Бұл осы уақытқа дейін ұзаққа созылып, жауабын таба алмай келе жатқан жұмбақ еді. 

Айта кетейік, үлкен дәрежеге ие шенеунік Өмірзақ Әметұлының тоқалы Әлия Байділдаева көп уақыттан бері балаларын мойындамай жүрген экс-әкімге шағымданған болатын. Қазіргі таңда, Әлия Байділдаева екі қызымен Алматы қаласында пәтер жалдап тұруда.

Естеріңізге саламыз, бұл оқиға алғаш рет осыдан бір жарым  жыл бұрын Еуразия арнасының "Пендеміз ғой" ток-шоуында айтылғанымен шешімін таппаған еді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: