Қазақстандықтардың 6,6 млрд айыппұлы мен өсімақысы кешірілуі мүмкін

1549886405299913.jpg

Қаржы министрі Әлихан Смайылов баспасөз конференция кезінде қазақстандықтардың үкіметке қанша қарызы бар екенін мәлімдеді. Кәсіпкерлердің 130 млрд өсімақы мен айыппұлын, ал жеке тұлғалардың 6,6 млрд теңге қарызын кешіру жоспарланған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Салықтық рақымшылық аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің 2018 жылдың 1-ші қазанында көрсетілген берешектері өтелген жағдайда, олардың өсімақылары мен айыпұлдары кешіріледі. 

Жалпы салықтық рақымшылыққа ШОК-тің 90 мың субъектісі қатысуы мүмкін. Олардың 2018 жылдың 1-ші қазанындағы негізгі қарызы 210 млд теңгені құраған. Осы қарыз сомасы төленген жағдайда, қаржы министрлігі 130 млрд теңгенің өсімақы мен айыппұлын кешіреді", - деп мәлімдеді министр.

Қаржы рақымшылығы тек кәсіпкерлерге емес, сондай-ақ қарапайым қазақстандықтарға да қатысты.

Бүгінде 1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге қарызы бар. Оның 6,6 млрд теңгесі өсімақы.

"Азаматтардың негізгі қарыздары көлік, мүлік және жер салықтарынан құралған. 2019 жылдың 1-ші қаңтарында көрсетілген негізгі қарызды өтеген жағдайда, үстінен қосылған 6,6 млрд өсіппұл кешірілетін болады", - деді Смайылов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: