Бақыт Сұлтанов: Көп балалы аналардың ешбірінің арызы назардан тыс қалмайды

1550032052667629.jpg

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов әкімдік қызметкерлеріне көп балалы аналардан түскен әрбір өтінішті қарап, мәселені шешуді тапсырды.

Бақыт Сұлтанов жиналысты осы мәселеге қатысты әкімдік тарапынан атқарылған жүйелі істердің жүзеге асырылу барысынан бастады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Қазір аудан әкімдіктері тиісті жауапты мекемелермен бірлесіп, қаладағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Бізге өзінің әлеуметтік қиын жағдайын айтып көпбалалы аналар хабарласты. Біз олармен бірнеше кездесу өткіздік, барлығының өтініш-арызын қабылдадық. Осы арыздардың ешбірі әкімдік назарынан тыс қалмайды", – деді Б. Сұлтанов.   

 Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет жанынан азаматтардың өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын пысықтаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық етеді. Жұмыс тобы екі ай ішінде Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар қабылдауы тиіс.

"Қазіргі кезде аудан әкімдері азаматтарды қабылдап жатыр. Бұл жұмыс жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Әр өтініш бойынша мәселені шешу керек", – деді қала әкімі.

Күн тәртібінде басқа да жүйелі проблемалар қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: