Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Бұл туралы Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.
2001 жылдың 13 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің қаулысымен жаңа мейрамның күні белгіленген.
Енді қазақстандықтар 11 қарашада "Энергия үнемдеу күнін" атап өтетін болады деп жазады басылым.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.