Лотореяның қызығымен қызметінен айрылды

114256_or.jpg

Кейбіреулер өмірдің өзі - лотерея  деп жатады. Кейде ұтып, бірде ұтылатын. Біраз уақыт облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып, қызметтің қызығына құмары қанбай жүрген  Эльмира Ысқақованың да өмірін лотерея аяқ асынан күрт өзгертіп жіберді. Ұтыламын деп кім ойласын? Эльмира ханым да әуел баста солай қиядап еді. Жұрт әлемдік дағдарыстан қолындағы барын діттегініне сата алмай басы қатып дағдарып жүргенде «техастықтар» ойлап тапқан лотерея ойынын мен де ұйымдастырып,  көп-көрім пайда табайын деген-ді ол. 

Өткен жылдың қазан айы болатын бұл. Э. Ысқақова жекеменшік «Тойота-Прадо», «Ауди С-4» және «Тойота-RAV-4» көліктерін жүлдеге тігіп, лотерея ойынын өткізбекке бел буды. Сөйтіп әрқайсысының құны 25 мың теңге болатын 500 дана билет жасатты. Сөйтіп, аудан қалалардағы 38 емдеу мекемесіне шүлен таратқандай лотерея билеттерін бөліп беріп көңілін бір демдеген. Айына орта есеппен 30-40 мың жалақы алып, жан бағып жүрген дәрігерлер алғашында әрқайысының құны 25 мың теңге болатын билетті алу қиындау ғой  қипақтап көргенімен басқарма бастығының экономика істері жөніндегі орынбасары, салаға бөлінген қаржының құлағын ұстап отырған басшыға кім қарсы тұрсын? Лотереяның ақшасы ауруханадағы дәрігерлер  амалсыз жинап берген. Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасының бас есепшісі Тайғара Тілектес «шындығын айтқанда сол кісінікі болған соң билеттерді лажсыз  тараттық. Біздің аурухананың өзінен 250 мың теңге жинап өзіне апарып бердік»- дейді. Осылайша  мансабын пайдалаған Эльмира ханым аудандарға  500 мыңнан бастап, 250 мың теңге болатын лотерея билеттерін таратқан. Осылайша бәрі де ойдағыдай іске асып келе жатқан. Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасындағылар  тірліктің ойран ботқасын шығарды. Алматыда іс сапармен жүрген басқарма бастығы Әнуарбек Маймақовқа әлдебір дәрігер болған жайдың бүге-шігесін қалдырмай айтып, арызданады.  

Мұндай жәйтті естіген сала басшысы Шымкентке келген соң әлгі ауруханада шұғыл жиын өткізіп, аурухана меңгерушісіне  24 сағаттың ішінде дәрігерлердің ақшасын қайтарып берілсін деп бұйырған. «Жаппар құлда жан бар ма» лотерея ұтысы содан бір күн бұрын өткеніне қарамастан  аурухана меңгерушілері мен бас бухгалтері бірігіп, ақшаны өз қалталарынан  қайтарып беруге мәжбүр болыпты. Кейіннен Маймақов мырза өз қызметкерлеріне лотерея таратқан емхана меңгерушілерінен түсініктеме алған. Осылай өрбіген піріралысуда дәрігерлердің кейібірі Эльмира Ысқақова лотерея басқарма бастығының өзінің тікелей тапсырмасы дегендей де уәж айтқан ұқсайды. Оның қаншалықты шындыққа жанасымды екені әзірге беймәлім. Басқарма бастығы Әнуарбек Маймақовтың өзі «орынбасарымның менің жоқтығымды пайдаланып, үлкен сомада лотерея таратып, оның сатылуына тікелей  ықпал еткені барып тұрған коррупция» деп отыр.  Ал Анекеңнің кезінде қаржыны сеніп тапсырған орынбасарының қорғаушысы Агай «ол ешкімді мәжбүрлемеген. Лотереяны ұйымдастырған да  ол емес. Тек құрбысының өтінішін орындаған. Бұл ешкімге зияны жоқ шара болатын» деп Ысқақованы сотта шыр-пыры шығып қорғап шықты. Әзірге лотерея билеттерін қанша мекеме сатып алғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Ал Эльмира Ысқақова басқарма бастығының  бұйырығымен жұмыстан босатылды. Бірақ ақшаға «қолын малып» отырған қызметтен кім оп-оңай кете қойсын. Ысқақова да өзінің құқықын қорғап, Шымкент қаласы Абай аудандық сотына шағымданды. Арызданғаны да дұрыс болған екен. Судья істі әрі қарап, бері қарап, Эльмира Ысқақованың  іс-әрекетінде қылмыстық негіз жоқ деп, өз қызметіне қайта орналастыру туралы шешім шығарып береді. Мұнымен келіспеген басқарма басшысы прокуратураға соттың шешіміне наразылық білдіріп, хат жолдайды. Артынша құзырлы органның «Әнуарбек, Әбдібекұлы, орынбасарыңыздың жазасын беріп қойыпсыз. Заңға қайшы коррупциялық  әрекеті үшін жұмыстан босатыпсыз. Енді біздің жазалағанымыз артықтау болар. Бірақ алдағы уақытта өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің мұндай жағдайды қайталамауын қолға алыңыз» деген жауабын алады.  Қазір Ә. Маймақов та, өзге жұрт та таң болып отыр. Бірақ даудың мұнымен бітетін түрі жоқ. Енді керісінше облыстық денсаулық сақтау  басқармасы бастығы аппелациялық шағымын әдіптеп  жазып, сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Әнуарбек Маймақов  Эльмира Ысқақова департамент атына кір келтірді дегенді ұстанып,  соттың бастапқы шешімін жоюды талап етіп отыр.

"Рейтинг" газеті


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: