«Гауһар кінәлі емес»: Әлімбекованың ісі бойынша сотталған әйел өз кінәсін мойындады

1454511014.jpg

Бүгін, 2 сәуір күні Алматы қалалық сотында Гауһар Әлімбекованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтуде. Сотта Әлімбековамен бірге кінәлі деп танылған Феруза Ордабаева өз кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленуші Назаровадан 40 мың АҚШ долларын алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі сот залынан. 

"40 мың АҚШ долларын алып, түрік азаматына бердім. Мұны 2016 жылғы қараша айындағы жауабымда мойындадым. Ол сол бойына қалды. 

Нақты кімнің қолынан алғаным есімде жоқ. Есімде болса да, ол адамның сотталғанын еш қаламаймын. Білсем де, айтпаймын. Өзімнің еркім, менің заңды құқығым. Ол адам бұл залда жоқ. Бірақ ол адам - Гауһар Әлімбекова емес, нақтысы", - деген Феруза Ордабаева өз кінәсін толықтай мойындайтынын айтып өтті. 

Сөзіне қарағанда, ол сол жылдары түркиялық фирмада істейтін әлдебір азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеп, тіпті солармен келісім-шартқа отырған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін үйлерді сатып алушыларға беріп келген. Бұл ісінің заңсыз екенін о баста білмепті.

"Пәтер алу үшін бердік. "Ақкент" ықшам ауданынан үй беріледі деді. Екеуміздің арамызда келісім-шарт болған, сондай жұмыс жасағанбыз. Ол кезде заңнан аттап отырмын деген ой болған жоқ, бірақ заңсыз жасаппыз",-  деп мәлімдеді Ордабаева.

Айтуына қарағанда, жәбірленуші Назарованың ұлы түріктерге 600 мың теңгені апарып, өз қолымен табыстаған. 

"Гауһар ешқандай дәлелсіз, қолхатсыз алты жылға сотталып кетті ғой. Қазақшылыққа салынып, сотталып кеттік қой", - деп қалды бір сөзінде Ордабаева.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: