Қытайда «бір отбасы – бір ит» саясаты қолға алынды

1_3.jpg

Естімеген елде көп. Қытайда 1979 жылдан бері «бір отбасы – бір бала» деген саясат салтанат құрып келеді. Адам саны тым көбейіп бара жатқанының салдарынан қолға алынған бұл саясат қалалықтарды бір баладан артық сәби сүю бақытынан айырса, далалықтар екеуден артық өмірге перзент әкеле алмайтын болған. Бір нәрестемен шектелген отбасыға мемлекеттен жәрдем жасалса, керісінше бала санын көбейтуге талпынған отбасыға үлкен сома көлемінде айыппұл салынады. Әрине, мұндай кезде көп отбасылар жалғызының ұл болуын қалайтыны, сол себепті аналардың бала алдырту қылмысына жиі баратыны да түсінікті. Табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін қытай билігі іштегі перзенттің жынысын алдын-ала анықтауға да заңмен тыйым салып тастады

Дүние жүзінде темекіге қарсы белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанда Қытайдың Хубэй провинциясында шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлерге  шылымды көп шегуді жүктейтін заң шықты. Дағдарыс кезінде жергілікті темекі өндірушілерді қолдау үшін. Ол жаңа заң бойынша провинцияның мемлекеттік қызметкерлері жылына жергілікті өндірілген темекінің 230 мың қорабын тауысуы тиіс. Арнайы түзілген кесте бойынша мемлекеттік қызметкерлердің, әкімшіліктегі бөлім қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдерінің, т.б. қанша қорап темекі тарту керектігіне дейін есептелген. Кейбір ауыл шенеуніктеріне жылына 400 блокқа дейін шылым шегу міндеті жүктелген. Тек жергілікті темекі өндірушілердің өнімін. Байқамай өзге өндірушілердің, тіпті көрші провинциядан шығатын шылымды да шегіп қойғандар үшін айып күтіп тұр. Қазір Қытайда 350 миллион темекі тартқыштар өмір сүрсе, осы улы түтіннің кесірінен жыл сайын миллионға жуық адам көз жұмады екен.  

Жақында Қытайдың Гуанчжоу қаласының билік өкілдері тағы бір жаңа заңды өмірге алып келді. Ол заң бойынша енді тұрғындар үйлерінде бір иттен артық салпанқұлақ асырай алмайтын болды. Үйінде бірнеше иттері бар тұрғындар алдағы 1 шілдеге дейін қай «сенімді досын» қастарында қалдыратынын бір жақты шешіп алулары тиіс.                 

Бірнеше жыл бұрын ҚХР басшылары бойы 35 сантиметрден биік иттерді асырауға тыйым салған болатын. Одан бөлек қоғамдық орындарда иттерін серуендетуге де рұқсат етілмейді. Енді екі күшік ұстауға болмайды. Гуанчжоулықтар мұндай қадамға қаңғыбас иттер мен құтыру ауруының артуынан барып отырғанын жасырмайды. Себебі, Қытай бұл ауру түрі бойынша әлемде үнділерді ғана алға жібереді. 

Иә, Қытайда, адам айтса нанғысыз заңдар дүниеге келіп жатады. Әрине, жаманды ысырып, жақсыны тәжірибеге енгізгенге не жетсін. Қаңғыбас иттерден аяқ алып жүру қиын біздің Шымкентке де осындай бір заң керек секілді. Әйтпесе, жыл басынан бері құтырудан көз жұмған екі адамның тағдырын әлі де қайталайтындар аз болмасына кім кепіл?  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: