Сауд Арабиясындағы А/H1N1 вирусымен ауырғандардың саны 62 адамға адамға жетті. «Эр-Рияд» газетінің мәліметіне жүгінсек, соңғы бір тәулікте қауіпті вирусқа алты адам шалдыққан. Осыны ескеріп, ел басшылығы биыл қажылыққа келушілерге шектеу қоюы мүмкін екенін ескертті. Бұл ақпаратты таратқан араб басылымдары қазірдің өзінде кіші қажылық – умраға келушілердің саны үш есе азайғанын мәлімдеді. Кейбір мұсылман мемлекеттері (Тунис) өз азаматтарына кіші қажылыққа баруға тыйым салып үлгерді. Қажылықты уақытша тоқтату қажеттігін Біріккен Араб әмірліктерінің денсаулық сақтау министрі де талап еткен. Сауд Арабиясымен қатар А/H1N1 вирусы Египетте де ойран салуда. Мұнда бүгінгі таңда 55 адам ауру жұқтырған. Мамандардың айтуынша, жуық арада қауіпті инфекцияны ауыздықтау мүмкін емес. «Аль-Кабас» газеті қазіргі таңда араб елдерінің басшылары қажылыққа байланысты ортақ шешімге келу үшін келіссөздер жүргізе бастағанын хабарлады.
Қажылық уақытша тоқтауы мүмкін
Пікір жазу( 0 Пікір) |