ТЖМ басшысы Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекетін ашты
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар облысы Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде салтанатты түрде жаңа өрт сөндіру бекетін ашты.

Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, ТЖД бастығы Рустамбек Амрин, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.


