Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, заманауи техника табысталды
Іс-шара аясында 22-өрт сөндуру бекетінің құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру және құтқару техникасының кілттері табысталды. Атап айтқанда, өрт автоцистерналары мен жедел-құтқару автомобильдері берілді.

Жаңа бөлімшенің құрылуы Солнечный кенті мен оған іргелес 11 ауылдық округтің, жалпы саны 9 000-нан астам тұрғыны бар аумақтың сенімді өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өрт сөндіру бекеті өңірдегі стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі елдің энергиямен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқаратын Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады.


