Зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен жұмыстарды дамыту маңызды

Oinet.kz 20-12-2024 8

image.png

Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз-16 күн» акциясына орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырумен және басқарма басшысының орынбасары Нұрашов Нұржан Кеңесбекұлының төрағалығымен «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен жұмыстарды дамыту.

Дөңгелек үстел басқарма басшысының орынбасары Нұржан Кеңесбекұлының кіріспе сөзімен басталып, қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Жиын барысында облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, подполковник Жанар Қалабаева «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, анықталған зорлық-зомбылық фактілері бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталды.

Сонымен қатар, «Жігерлі жүрек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ербол Мырзабайұлы сөз алып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері туралы баяндады.

Жиын соңында Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты отбасын қолдау орталығы және әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторы мамандарымен сұрақ-жауап алмасу арқылы талқылау жүргізіліп, зорлық-зомбылыққа қарсы өзара іс-қимыл жасау тетіктері пысықталды.

2030 жылға қарай әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық түбегейлі жойылуға тиіс. Бүгінде Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы заңнама кү¬-шейтілгенімен, тұрмыстық жағ¬дайда құқығы бұзылған әйел¬дер мен қыздардың тағдыры қоғамдық институттар тарапынан өзгеше қадамдарды тиімді етудің маңыздылығын көрсе¬тіп отыр. Деректерге сүйенсек, өткен жылы еліміз бойынша от¬басылық қатынастардағы құ¬қық бұзушылыққа байланыс¬¬ты 50 мыңнан астам әкімшілік іс тір¬келсе, «Қазақстанның дағ¬дарыс орталықтары одағы¬ның» мәліметтеріне сәйкес соңғы 3,5 жыл¬да бұл орталықтардан 1 мың¬¬нан астам қыз-келіншек өз құқы¬ғын қорғауға көмек сұрап, пана іздеген.   Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін 39 дағдарыс орталығы бар. Олардың жартысында әйелдер мен балалар жәбірлеушіден жасырынатын уақытша жеке баспана ұсынуға мүмкіндік бар. Дегенмен агрессия толқыны жиілеп кетуіне қарамастан, бұл орындар көбіне бос тұрады. Дағдарыс орталықтары одағының мәліметі бойынша, әрбір сегізінші қазақстандық отбасында зорлық-зомбылық орын алып, елімізде жыл сайын 400-ге жуық әйел үйдегі зорлық-зомбылық салдарынан бақилық болады. Соңғы жылдары бұл тақырып әлеуметтік желілерде, қоғамда қызу талқылануда. Отбасы – тұрмыстық қатынастардағы профилактикалық жұмыс адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық аспектілерді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды қамтитын кешенді шаралар болуы тиіс.  Сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің 40 пайызы ғана арнайы мекемелерден көмек сұрайды. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау әйелдер мен балалардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық - адам құқықтарын бұзудың ең көп таралған түрі. Зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздарды теңдік пен қауіпсіз өмір сүру құқығынан айырады, адамның қадір-қасиетін төмендетеді және негізгі бостандықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді. Зорлық-зомбылық гендерлік дискриминацияның түрі ретінде, ең алдымен, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікке негізделген. Оның көптеген нұсқалары бар. Оның ішіне физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық зорлық-зомбылық, психологиялық және эмоционалдық зорлық-зомбылық, фемицид, эмбрионның жынысына байланысты жүктілікті таңдамалы тоқтату, әйелдердің денсаулығы мен өміріне қауіпті дәстүрлер мен мәдени тәжірибелер, жезөкшелік пен адам саудасы кіреді.

Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне үнемі алаңдаушылық білдіріп, принципті түрде баға беріп келеді. “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Соның бірі – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалана отырып, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізін бала кезден қалыптастыру, осылайша жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды.

“Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз. Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұза¬тын кез келген арандатушылық әрекетке қатал тосқауыл қою қажет. Өкінішке қарай, құқық қорғау ме¬кемелері және аймақ басшыла¬ры осы жұмысты дұрыс атқармай отыр. Басқа сөзбен айтқан¬да, заң үстемдігін қамтамасыз ет¬пейді. Соның салдарынан қоға¬мы-мызда ұдайы келеңсіз оқиға¬лар болып жатады. Мысалы, да¬ладағы, көшедегі вандализм, кей¬бір азаматтарымыздың тәртіп¬сіздігі, мәдениетсіздігі, неше түр¬лі тұрмыстық жанжалдар елі¬міздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін бо¬лады. Негізгі мақсатымыз – заң¬ды қатаң сақтау, қоғамдық тәр¬тіпті қамтамасыз ету”,– деп ерек¬ше атап көрсетті. Шынында да, өр¬кениетті елдерге теңесеміз десек, саяси-экономикалық ре¬форма жасау жеткіліксіз. Ең бас¬тысы, қоғамдық сана, азаматта¬ры¬мыздың ниеті өзгеруі керек. Бү¬гінде ұлттың жаңа сапасын қа¬лыптастыру айрықша маңызға ие болып отырғаны сондықтан. Ең ізгілікті қасиеттерді отбасы, ошақ қасында балғындардың бойына сіңіре білсек, отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал ұрпақтың өсіп шығары күмәнсіз.

Айта кетейік, Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өтті. Науқан жыл сайын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Шексіз мүмкіндік иелеріне құрмет жоғары
105 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу