Түркістанға Жамбыл облысынан «Достық керуені» келді
Қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылуы керек! Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиянда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Еліміздегі ұлттарды ұйыстырып, бірлікті бекемдей түсу үшін Ассамблея жұмысының бағыт бағдарын көрсетті. Мемлекеттік тілге, терроризм мен сепаратизмге қатысты маңызды мәлімдемелер жасап, этносаралық алауыздықтың алдын алуды тапсырды.
Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, киелі мекен. 100-ден астам этнос өкілін бауырына басқан қара шаңырақ. Бірақ сол шаңырақты шайқалтқысы келетіндер аз емес. Іште де сырттқа да татулығымызға көз алартқан арандатушылар жетерлік. Президент елге іріткі салатын кез-келген әрекетке дереу тосқауыл қойылуы керек деді.
«Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды»,- деп Мемлекет басшысы атап өткен болатын.
Осы орайда Президенттің тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Таразым – Тұмарым, Түркістаным - Тұраным» атты салтанатты іс-шара өтті.
Аталған іс-шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Жиынның мақсаты – өңірлердегі қоғамдық келісімді нығайту бағытында тәжірибе алмасу, Қазақстан Халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу және коммуникациялар қалыптастыру, биылғы XXXІІІ сессия тапсырмасына сәйкес Қазақстан Халқы Ассамблеясы жобаларын ілгерілету, «Cалауатты сана» жобасын кеңінен насихаттау.
Алдымен жамбылдық делегация Түркістан төрінде жаңадан бой көтерген «Достық үйін» аралап көрді және этномәдени бірлестіктердің көрмесімен танысты.
Делегация құрамында этномәдени бірлестік жетекшілері, Ақсақалдар, Аналар кеңесінің төрағасы, орынбасары, ардагерлер, «Ассамблея жастары» жетекшісі, мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармония әншілері, БАҚ өкілдері болды.
«Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға өңірдегі Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, мүшелері және этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов «Достық керуені» жобасының ел ынтымағы мен жалпыұлттық бірлікті арттыруда маңызы жоғары екенін атап өтті.
Сондай-ақ іс-шарада Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және Жамбыл облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейілхан Асқарбек қоғамдағы бірлік пен келісімді ілгерілету, жастарды позитивті этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу жайында келелі әңгіме, салиқалы сөз қозғады.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мен тыныштығының басты негізі. Бірлік пен келісім халықтың әртүрлі әлеуметтік, этникалық, діни топтарының арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастырады. Бұл қоғамның барлық мүшелерінің бейбіт өмір сүруі мен ортақ мақсаттарға жетуіне мүмкіндік береді. Қоғамдық келісім – елдегі әртүрлілік пен бірлікті үйлестіретін негізгі фактор. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет үшін бұл өте өзекті. Келісім арқылы: Әлеуметтік және этникалық жанжалдардың алдын алуға болады. Мемлекеттің экономикалық және мәдени дамуы қамтамасыз етіледі.
Халық арасында сенім, толеранттылық және ортақ жауапкершілік күшейеді. Жалпыұлттық бірлік – халықты ортақ құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне біріктіреді. Бірліксіз мемлекет даму жолында көптеген қиындықтарға тап болады. Бірліктің арқасында: Халық арасында ортақ мәдениет пен дәстүрлер нығаяды. Мемлекетке деген сенім артады. Қоғамның әрбір мүшесі өз болашағына сенімді болады.
Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы ел болғандықтан, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Елдегі 130-дан астам ұлт пен 18 түрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүруде. Мұндай тұрақтылыққа жету үшін бірнеше шаралар қолға алынды:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы. 1995 жылы құрылған бұл ұйым қоғамдық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарады. Ассамблея ұлттар мен этностар арасындағы байланысты нығайтып, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған жобаларды іске асырады.
2. Мемлекеттік тіл саясаты. Қазақ тілін дамыту және басқа этностардың ана тілдерін сақтау арқылы халық арасында ортақ мәдениет қалыптастыру көзделеді.
3. Діни толеранттылы. Қазақстанда әрбір азамат өз дінін ұстану құқығына ие. Бұл принцип діндер арасындағы татулықты сақтап, радикалды ағымдардың таралуына жол бермейді.
Қоғамдық келісімді нығайтудың жолдары.
1.Білім беру арқылы түсіністік қалыптастыру Мектептер мен жоғары оқу орындарында толеранттылық, мәдени әртүрлілік және азаматтық бірлік туралы білім беру маңызды.
2.Ортақ құндылықтарды насихаттау. Қоғамда адамгершілік, әділеттілік, бейбітшілік сияқты құндылықтарды кеңінен насихаттау қажет.
3. Диалог алаңдарын құру. Халық арасында өзекті мәселелерді ашық талқылау үшін қоғамдық кеңестер, форумдар және басқа да алаңдар ұйымдастыру керек.
4. Этномәдени орталықтардың жұмысын қолдау
Қазақстанда әртүрлі этностардың мәдениетін сақтауға бағытталған орталықтар жұмыс істейді. Олардың қызметін қаржылай және ақпараттық тұрғыда қолдау қажет.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау – үздіксіз жұмыс пен халықтың белсенді қатысуын талап ететін процесс. Әрбір азамат келісімді сақтауға үлес қосып, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруы қажет.
Қазақстанның болашағы – халықтың ынтымағы мен бірлігінде. Қоғамдық келісім арқылы еліміз бейбіт өмір сүріп, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады. Ендеше, әрбір қазақстандық ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп, елдің тұрақтылығы мен дамуына үлес қосуы тиіс.
Бірлікті бекемдеген басқосуда Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
– Бірліктің тайқазаны саналатын, сән-салтанаты келіскен Түркістан өңірінде жаңадан ашылған «Достық үйі» құтты болсын! Тарихы терең, киелі де қасиетті Түркістанға 2000 жылдық тарихы бар көне Тараз, Әулие ата өңірінен ыстық ықыласпен бір топ азаматтар келіп отыр. Біздің өңірде 87 этнос пен этникалық топтың өкілдері қоныстанған. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 33-ші сессия тапсырмаларына сәйкес Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының этномедиация саласындағы іс-тәжірибесі республика көлемінде таратылғаны сіздер мен біздер үшін зор мақтаныш, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Осындай игі істерімізбен республикада биіктен көрініп, еңбегіміз еленіп, шығармашылық байланысымыз арта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, қызметте толағай табыс, келісім мен бірлік тілеймін! – деді Мүбарак Қасымқызы.
Бұдан соң салтанатты шара Жамбыл облыстық филормониясының концерттік бағдарламасына ұласты.
Іс-шара барысында көршілес қос өңір арасындағы әріптестік, достық байланысты және этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.