Әл-Фараби көшесінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 25-07-2024 252

«Таза QAZAQSTAN» жалпыұлттық жобасы аясында Нұршуақ шағынауданы Әл-Фараби көшесінің бойында тазалық іс-шарасы өтуде. Мұнда қаладағы барлық ауданның коммуналдық мекемелерінің жұмысшылары, жалпы 100-ден астам адам, қажетті техникалар жұмылдырылған.

Screenshot_27.jpg

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жарылқасын Машбектің айтуынша, бұл аумақта тек қана коммуналдық мекеменің жұмысшылары тазалық жұмыстарын атқаруда. Нақтырақ айтқанда, Әл-Фараби көшесінің бойы Бадам өзенінің көпірінен бастап А 2 айналма жолына дейінгі аумақ (7,5 шақырым) ретке келтіріледі.

5 аудан бойынша коммуналдық мекеменің жұмысшылары көше бойында шөптерді ору, көшені жуу, қоқыстан арылту жұмыстарын атқарып жатыр.

Жарылқасын Машбек жылдың соңына дейін бекітілген жоспар бар екенін, соған сәйкес тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілетінін атап өтті. Айта кетсек, бүгінгі «Таза бейсенбі» іс-шарасында қала тұрғындары да белсенділік танытып жатыр.

Әл-Фараби аудан аумағында ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді
Қошқар ата өзенінің бойы тазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу