Абай ауданында тазалық іс-шарасы өтті

Oinet.kz 25-07-2024 234

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық акциялары өтуде. Атап айтқанда, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.

Screenshot_25.jpg

Іс-шарада Абай ауданы әкімдігі, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, жастар, тұрғындар белсенділік танытты. Жалпы акцияға 200-ден астам адам қатысты.

Шағынаудан тұрғыны Меруерт Әмірсейіттің айтуынша, тұрғындар әр сенбі сайын аулаларды, көшелерді тазалауда белсенділік танытып келеді. Наурыз айынан бастап шағынауданда тазалық жұмыстары ұдайы өткізілуде.

Акцияға белсене қатысқан көпшілік тазалықты өзімізден бастау керек екенін, қала тазалығы бәрімізге ортақ міндет екенін ұғындырды.

«Таза Қазақстан» акциясы: Қаратау ауданында 15 гектар жер тазаланды
Әл-Фараби аудан аумағында ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу