«Жас маман-2024»: Бітіруші түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Oinet.kz 24-05-2024 767

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші  түлектеріне  арналған  «Жас маман-2024»  бос орындар жәрмеңкесіне Шымкент қаласы және Түркістан облысынан екіжақты келісімшарттар жасалған барлық өндірістік кешендер, ірі өндіріс орындары, спорт, мәдениет, білім беру, жалпы 150-ден астам мекеме қатысты. 

Screenshot_10.jpg

Дәстүрлі ұйымдастырылатын жәрмеңке  түлектерді жұмысқа орналастырудың ашық диалог алаңына  айналып,  көптеген түлектерімізге болашақ жұмыс орнын табуға көмектесіп келеді. Биыл университетті 9 мыңға жуық түлек бітіреді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы - ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетов құттықтау сөз сөйлеп, жәрмеңкеге қатысқан жұмыс беруші мекемелерге алғысын білдірді.  Сонымен бірге,  университетіміздің дамуына үлес қосқан, атап айтқанда  білім бағдарламаларын құрастыруға белсенді атсалысқан  жұмыс берушілер мен  бұрын бітрген түлектерге Алғыс хат табыстады. 

Screenshot_9.jpg

Жәрмеңкеге қатысқан Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильді орталығы» Еңбекші ауданы бойынша мансап орталығының еңбек ресурстарынын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нағима Досанова, «Renaissance SHIK» ЖШС

директоры Игорь Карпов, «Сити-инжинеринг» ЖШС директоры  Саиддин Ажидинов ізгі тілектерін білдіріп, оқу ордасының білімді, ізденістегі жастарға  бос жұмыс орнын ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді.  Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен сұқбаттасып, өз мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары туралы толыққанды ақпарат алды және мекемелердің өтініші бойынша түйіндемелерін қалдырды. 

Барлық қатысушылар арасында қызықты ойындар ойнатылып, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Screenshot_11.jpg

Атап өтейік, биылғы жәрмеңкеге Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар, Түркістан облыстық сотының кеңсесі, Шымкент қаласы және Түркістан облысының прокуратурасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Шымкент қаласының мәдени орындары мен кітапханалары да қатысты.

Барлық медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді
Сарыағашта кәсіпкерлік дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу