Шымкент қаласында биыл 104 көше жарықтандырылады

Oinet.kz 12-10-2023 129

Шымкент қаласында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 137 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 пайыздан 48 пайызға өсті. Өткен жылы ГЧП аясында 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 пайыздан 63пайызға өскен. 

Screenshot_87.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қалалар мен елді мекендердің жайлы инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуына көңіл бөліп отыр. Жалпы жаңа шағын аудандар мен қала аумағындағы аудандарда инженерлік-инфрақұрылым желілерін жаңғырту жұмыстары шаһардың бас жоспарына сәйкес жүргізілуде. Мәселен, соның ішінде бүгінгі күні Тұран шағын ауданын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, шағын ауданның тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен, электр жарығымен және интернетпен қамтылған. Қазіргі уақытта шағын аудан бойынша табиғи газ құбырлары толық жеткізіліп, абоненттеу жұмыстары жүзеге асып жатыр, - дейді қала әкімі. 

Биыл жыл соңына дейін 104 көше жарықтандырылмақшы. Қазіргі таңда 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жыл соңында көше жарық шамдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 70 пайызды құрамақ. 

Бұдан бөлек, шаһарда электр құрал-жабдықтарын шығару да жолға қойылып келеді. Атап айтсақ, «Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 киловат қуаты 500 мегаватқа дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт жұмыс істеуде.

Қаланың дамуына өзіндік үлесін қосып отырған зауыт 2018 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын. «AsiaTrafo» Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 2 гектар аумақта орналасқан, 250 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Ұйымның өз қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған. Біліктілікті арттыру үшін Украина мен Ресейден шетелдік мамандар шақырылған. Олармен жергілікті тұрғындар ынтымақтастықта жұмыс істеуде.

Шымкент қаласында ми қан тамырларына жасалған ота сәтті өтті
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу