Шымкент қаласында 256 азаматпен түзілген келісім шарт бұзылды

Oinet.kz 15-10-2023 464

Шымкент қаласы Мемлекет басшысының шешімімен мегополист санатына өткелі еліміздегі ірі алпауыт компаниялар тарапынан қаланың тұрғын үй нарығына қызығушылықтары артқан. Бұл бір жағынан қаланың сәулеттік көркін жақсартса, екінші жағынан тұрғын үйдің сапасына оңды әсер етуде.

Screenshot_81.jpg

Дегенмен мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар. Шаһар басшылығының шешімімен аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданған.  

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы мамандарының айтуынша, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы бұйрықта көрсетілгендей аталған бағдарламаға белгіленген топтар ғана қатыса алады. Бұйрық күшіне енген сәттен бастап Шымкент қаласында 1769 азаматқа субсидия берілген.  

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынып, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Жалпы соңғы бес жыл көлемінде Шымкент қаласында 3 миллион 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салыныпты. Оның 2 миллион шаршыметірі соңғы екі жыл көлемінде беріліпті. Дегенмен қалада тұрғын үй жалдап тұрып жатқан азаматтар саны көп. Билік тарапынан олардың жалдау ақысының 50 пайызын сусидиялау қаралған. 

- Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1769 азаматқа субсидия берілген.  Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған  І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар,  көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс, - дейді ол. 

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторингке сәйкес, 256 азаматпен жасалынған келісімшарт тоқтатылды. 

Шымкент қаласының әкімі қоғамдық кеңес отырысына қатысты
Шымкент қаласында тазалық акциясы жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу