Шымкент қаласының әкімі 200-ге жуық адамды жеке қабылдады

Oinet.kz 14-10-2023 326

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Әкімнің тікелей қабылдауына 200-ге жуық азамат өтініш білдірді. Қала басшысы халықпен ашық байланыс орнату мақсатында барлық тұрғынның мәселесін тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді.

Screenshot_70.jpg

- Менің парызым халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап, алдағы жоспарымызды нақтылау. Жалпы қабылдауымда 200-ге жуық адам қатысып, түрлі ұсыныстар мен әртүрлі ойлар тастады. Арасында былай істеуге де болады деген ұсыныстар болды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауларының да басты бағытының бір саласы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Біздің өңірде де Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді. Тұжырымдамада көрсетілгендей, әр саладағы орынбасарларым, аудан әкімдері мен бөлім басшылары атқарылған жұмыстарын жариялап отыруды апараттық кеңесте міндеттеп, тұрғындардың сауалына уақытылы әрі тұщымды жауап беру керектігін жүктегенбіз. Бүгінде бұл жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауларды жиілетіп, Президен Жарлығына сәйкес, шағынаудандарда әр тоқсанның қорытындысы бойынша кездесулер ұйымдастырылып, онда сол аралықта атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндаудамыз, - дейді қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің.

Жалпы қабылдау барысында қала әкім мәселенің бәрі заң шеңберінде шешілетінін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, кезек күттірмейтін мәселелер басты назарында болатынын жеткізді.

Сондай-ақ қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары 400-дей тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиімді шешу жолдарын түсіндірді.

Шымкент қаласында қолға алынған «Таза қала – өзіңнен басталады» акциясына жастар да үлес қосуда
Шымкент қаласының әкімі өнер адамдарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу