Шымкентте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлермен кеңесті

Oinet.kz 12-10-2023 329

Шымкент қаласында құрылыс заттарын өндіру мен сату жолға қойылып келеді. Жалпы құрылыс заттарын өндіруде техникалық реттеу мен стандарттауда кейбір талаптарды сақтау қажеттігі туындап отыр. Рсыған орай Шымкент қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы алаңында кәсіпкерлермен техникалық реттеу мәселелері бойынша көшпелі кеңес ұйымдастырылды.

Screenshot_65.jpg

«Қазақстан стандарттау және метрология институты« РМК Түркістан облысы және Шымкент қалалары бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеевтың айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үйдің қауіпсіздігі мен оның беріктігі құрылыс материалдарының сапасына байланысты екен. Жалпы кәсіпкерлер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» бұйрық талаптарын орындауы тиіс деп санайды. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен жиынға Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық кәсіпорны Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Кеңесте Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері және техникалық реттеу саласындағы инновациялар бойынша қазіргі ахуал талқыланды. Сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы өзгерістер мен жоспарлар айтылды.

– Бүгінгі таңда техникалық реттеу – ішкі нарықты реттеудің заңды механизмдерінің бірі. Яғни, ол экономиканы реттеу құралы болып табылады. Техникалық реттеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін шеше отырып, нарыққа, жекелеген кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ халықаралық саудаға айтарлықтай әсерін тигізеді. Заманауи бизнесті жүргізу заманауи тәсілді талап етеді. Әсіресе, бұл өзекті болған құрылыс саласына қатысты. Балалар алаңдарының қауіпсіздігі мен талапқа сәйкестігіне байланысты регламенттер аталып өтті. Тұрғын үйдің қауіпсіздігі мен оның беріктігі құрылыс материалдарының сапасына байланысты. Кәсіпкерлерге мұнан басқа, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптары түсіндірілді, – деді  Сәкен Бейсеев.

Кеңес барысында құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс өнімдерін сатушылар үшін техникалық реттеу, өнімді айналымға шығару кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау, стандарттау саласындағы аккредиттеу, бағалы металдар мен асыл тастарды сату кезіндегі заңнама талаптары туралы айтылды. 

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында 25 көшеге асфальт жабыны төселді
Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы форум өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу