Шымкент қаласында қала әкімі мәслихат сессиясына қатысты

Oinet.kz 05-10-2023 240

Шымкент қаласында қала қауіпсіздігін арттыру алдыңғы орында тұр. Осыған орай қала әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлының қатысуымен қалалық мәслихатының жетінші сессиясы болып өтті. Оның күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. 

Screenshot_45.jpg

Атап айтсақ, онда полиция департаментінің басшысы Думан Таев  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыс саны 33 пайызға азайған. Бұл ретте бейнебақылау камераларының тигізетін үлесі зор. Әкімдіктің қолдауымен қоғамдық орындар мен үй аулаларына 1 500 камера орнатылған.

Мәслихат депуттаттары денсаулық сақтау басқармасының да есебін тыңдады. Салада 12 индикатордың барлығы орындалған. Шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясының жасалуы — мегаполис медицинасының үлкен жетістігі екенін де айтып өтті. Бүгінде дәрігерлер Израильдегі клиникаларда біліктіліктерін арттырып жатыр. 

Сондай-ақ жиында қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссияның дербес құрамдарын бекітуде мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері де қарастырылды. 

- Бүгін қала әкімі ретінде алғаш рет мәслихаттың сессиясына қатысып отырмын. Жергілікті атқарушы органның жүйелі жұмыс істеуіне оң ықпал ететін бірқатар мәселені қарадыңыздар. Президент Қ.Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұқарамен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде маңызды тапсырмалар жүктеді. Өздеріңізбен бірлесе қала тұрғындарының игілігі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, етене жұмыс істейміз», - деді қала басшысы Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, кезекті сессия қазан айының екінші жартысына жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында қоғамдық қабылдауға жүзден аса тұрғын қатысты
Шымкент қаласындағы Ә.Қуатбеков атындағы университетте студенттер Жолдауды талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу