Шымкент қаласындағы кәріз жүйелері жаңғыртылуда

Oinet.kz 04-10-2023 105

Шымкент қаласында кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, қазір тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысына қомақты қаржы қаралған. 

Screenshot_41.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында инженерлік-инфрақұрылым жүйесін жаңғыртуға басымдық берген. Бүгінде қалада кәріз жүйелері қаланың бас жоспарына сәйкес жоспарланып, құрылыс жұмысы бірнеше бағытта жүргізілуде. Ол жұмыстар үнемі біздің бақылауымызда болады, - дейді қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы.  

Ғабит Сыздықбеков кәріз тазалау ғимараты нысанына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. «Жасыл қала» бағдарламасы аясында қолға алынған кәріз тазарту ғимараты құрылысының жобалық құны 3,5 миллиард теңгені құрайды. Жобаны Еуропалық Даму және қайта құру банкі жартылай қаржыландырады. Ал мемлекеттік қолдау – 1,75 миллиард теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізілетінін де айтып өтті.

Айта кетейік, жалпы бүгінде қалада тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр су өңдейтін тазарту ғимараты жұмыс істеп тұр. Бұл қуаттылық халқы жыл сайын артып жатқан үшінші мегаполиске аздық етеді. Сонымен қатар, көктем мен күз айларында кәріз тазарту ғимаратына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды су қосылады. 

Бүгінде «Шымкент Сити» және Тұран шағынауданында тұрғын саны 80 мыңды құрап отыр. Осы орайда 2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағынауданы және Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үй қосылады. Бұл елдімекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғын 264 мыңнан асатын көрінеді. 

Шымкент қаласында әскерге 30 жасты салтанатты жағдайда шығарып салды
Шымкент қаласында тариф саясаты аясында инфрақұрылым жүйесінде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу