Шымкент қаласының әкімі «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алқабының тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 13-10-2023 229

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков барлық ауданда халықпен кездесулер өткізуде. Жақында Абай ауданы тұрғындарымен есептік кездесуден кейін көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барып, ондағы тұрғындармен де жүздескен болатын. 

Screenshot_34.jpg

Аталған ауданның тұрғыны М. Төлегенова жыл сайын халық саны артып жатқан елдімекендегі мектеп тапшылығы мәселесін жеткізді. Оның айтуынша, ондағы № 95 жалпы орта мектепінде бүгінгі күні 535 оқушы білім алуда екен. Оқу ордасының ғимараты ескі болғандықтан, орнына жаңа мектеп салу жоспарланған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауларының да басты бағытының бір саласы қала және ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Біздің өңірде де Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді. Тұжырымдамада көрсетілгендей, әр саладағы орынбасарларым, ауылдан әкімдері мен бөлім басшылары атқарылған жұмыстарын жариялап отыруды апараттық кеңесте міндеттеп, тұрғындардың сауалына уақытылы әрі тұщымды жауап беру керектігін жүктегенбіз. Бүгінде бұл жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауларды жиілетіп, Президен Жарлығына сәйкес, шағынаудандарда әр тоқсанның қорытындысы бойынша кездесулер ұйымдастырылып, онда сол аралықта атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндаудамыз, - дейді қала әкімі.

Аталған аудан тұрғындары көтерген нысанды қала әкімі аралап, халықтың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар бұл білім ошағының іргетасы мен қабырғасы сапалы екенін алға тартып, күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтты. Халықтың талабын ескерген қала әкімі білім басқармасының басшысына мектепке қатысты тиісті сараптамалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта арнайы комиссия құруды тапсырды. Дегенмен оқушы саны артып отырған тұрғын алапқа қосымша жаңа мектеп қажет. Бұл ретте жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді. 

Сондай-ақ Самал-3 шағынауданы тұрғындары Шұбаркөл, Ізенді, Юсупов көшелерін асфальттау бойынша мәселелер көтерді. Халық жауын-шашын кезінде болатын су басу қаупіне де жауаптылардың назарын аударды. Мегаполис әкімі тиісті басқарма басшыларына өзекті мәселенің барлығын назарға алып, шұғыл тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.   

Шымкент қаласында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ашылды
Шымкент қаласының әкімі ардагерлермен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу