Кәсіпкерлердің жер дауын шешіп беруде

Oinet.kz 27-07-2019 747

Screenshot_29.jpg

Нарықтық экономиканың негізі болып табылатын кәсіпкерліктің дамуы – Қазақстанның стратегиялық басым бағыты. Сол себепті де облыс орталығы Түркістан қаласында Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылып, өңірдің 15 аудан, қалаларында өкілдіктері жұмыс істеуде. Бұл мекеменің мақсаты – «Бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету, кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жүйесін құру, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді жою және оларды қосымша құралдармен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Орталық 4 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Олар – консалтинг, бизнес-жоспарды әзірлеу, жобаларды сүйемелдеу және рұқсат құжаттарын алуға көмек көрсету бөлімдері.

Жақында орталық  жергілікті кәсіпкерлердің басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бағытты өңір халқына кеңінен түсіндіру және қолдау, көмек беру арқылы Түркістан қаласының экономикасын көтеру. Мекеме басшысының айтуынша кәсіпкерлер жер теліміне қатысты дауларға жиі ұшырайды. Бір айдың өзінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 30 өтініш келіп түседі екен. 

Әр кәсіпкердің өз проблемасы бар. Көбісі осы жер теліміне қатысты. Біздің мақсатымыз сол жер дауларын шешіп, кәсіпкерлерге дұрыс бағыт-бағдар беру. Бүгінге дейін қаншама бизнес өкілдері біздің мамандармен тығыз жұмыс істеп, қиындықтарын шешті»,- дейді  Ә Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының КММ басшысы Арман Жүсіпбаев. 

Аталған дөңгелек үстелде кәсіпкерлер тақырыпқа қатысты өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар алып, ұсыныстар енгізуге мүмкіндіктер алды. Іс-шараның нәтижесінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың арасында тығыз байланысты және серіктестікті орнатуға бағытталған шешімдер қабылданды.

Кездесу соңында мекеме басшысы  осы іс-шараның мақсаты қатысушылар арасында тақырып аясында өзекті мәселелерді шешу үшін ашық және тікелей диалогты қамтамасыз ету екендігін еске түсіріп, қатысушыларға алғыс білдіріп, облыста кәсіпкерлікті дамытуға бір ауыздан ат салысуға шақырды.


Түркістанда түйе сүті өңделуде
Сертификат алудың жайын талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу