МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мегаполисте индустриалды-инновациялық бағыттағы жұмыстардың атқарылу барысына көңіл толатынын жеткізді.
«Өздеріңізге мәлім Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Осыған байланысты мегаполисті көркейту, дамытуға қатысты міндеттер мен талаптар да өзгерді» деді Премьер-министр. – Оның ең басты көрсеткіші халықтың тұрмыстық әл-ауқатын өсіру. Ол үшін бірінші кезекте салықтық табысты ұлғайтудың мүмкіндігін арттыру қажет. Сонымен бірге осындай заманауи дайын өнімдер шығаратын кәсіпорындар санын көбейту арқылы экономиканы әртараптандыру керек. Өндіріс орындары көп болған сайын адамдарға да тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік туады. Содан кейін салықтан түскен табыстар көлемі артса, ол өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға немесе мегаполистің инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмсалады. Көріп отырғанымыздай Шымкентте бүгінгі таңда 5 индустриалды аймақ бар. Жергілікті атқарушы биліктің жоспарында оларды тағы екі есеге арттыру мақсаты тұр. Яғни қазіргі кезде 800-850 гектар аумақта индустриалды жобалар жүзеге асып жатса, алдағы уақытта тағы да 800 гектардан астам жерге жаңа кәсіпорындар жобаларын іске қосатын болады. Айта кету керек өндіріс саласында мегаполисте дамудың жоғары динамикасы байқалады. Соның айғағы, өткен жылы да биыл да заманауи инвестициялық жобалар қолға алынып жатыр. Жалпы жоспарға сәйкес экономикаға көбірек инвестиция тартып, жаңа бизнес жобаларды іске асыруға барынша қолдау білдіру қажет. Әлбетте бұл жерде ең алдымен инфрақұрылым мәселесінде көмек керек. Сонымен бірге несиелендіру мен салық бойынша түрлі жеңілдіктер ұсынылуы тиіс. Осы аталған мәселелер әрдайым Үкіметтің назарында және күн тәртібінен түспейді. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құру мен индустриалды аймақтарды іске қосу қарқыны соңғы жылдары бәсеңдемеген, керісінше жылдан-жылға ұлғайып келеді. Кәсіпкерлер тарапынан да бүгінде көптеген ұсыныстар игі бастамаларды көруге болады. Өз кезегінде Үкімет әрқашан оларға қолұшын беруге, қолдау көрсетуге дайын.