МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
SANTO Member of Polpharma Group сауда белгісімен дәрі-дәрмек өндіруші «Химфарм» АҚ кәсіпорны 2023 жылы ғылыми-зерттеу орталығын дамытуға және оны жаңғыртуға қосымша 8,4 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Соған байланысты Үкімет республикалық фармацевтикалық кластерді дамыту, ынталандыру үшін қолдаудың жекелеген тетіктерін қайта қарастырмақ. Бұл келешекте импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтып, ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ал мегаполистегі «Петро Қазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеуші зауыты стратегиялық маңызды кәсіпорын саналады. Аталған компанияның президенті Ерболат Қожабаев жаңғыртудан өткен қндіріс нысанының бүгінгі жұмысы туралы айта келе, зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тоннаны құрайтынын жеткізді. Мәселен 2022 жылы осы зауытта 6,2 млн тонна мұнай өңделген. Ал өндіріс ошағында тер төгіп жүрген 1780 жұмысшының 1723-і жергілікті жердің азаматтары. Мұнай өнімдеріне қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. осыған орай Үкімет тарапынан Шымкент мұнай өңдеу зауытының өнім көлемін 6-дан 9 млн тоннаға дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Мұндай ауқымды жоба ішкі нарықты сұйық отынмен толық қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ қала тұрғындарына қосымша жұмыс табуына мүмкіндік береді. Ресми дерек бойынша соңғы үш жылда зауытта бензин өндірісі 2,1 миллион тоннаға, авиакеросин 340 мың тоннаға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға артқан.
Бұдан бөлек «Оңтүстік» индустриалды аймағына ат басын бұрып, сонда орналасқан QazAlpack зауытында бүгінгі таңда 145 адам еңбек етеді. Онда алюминий ыдыстары мен қақпақтар шығарылады. Жылына 500 млн дана осындай қаптама өнімдер өндіріледі. Жобаны жүзеге асыруға 23 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Оның бір бөлігін инвестор екінші деңгейлі банктен несие есебінде алған. Жылдық мөлшерлемесі 15 пайызды құрайтын несие сомасының 9 пайызын мемлекет өз есебінен субсидиялайды. 6 гектар аумақта орналасқан өндіріс орны былтыр күзде іске қосылып, содан бері өнім шығарып келеді.