МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Республиканың үшінші мегаполисінде инновациялық жобалар қолға алынып, жоғарыда аталған индустриалды аймақтар шеңберінде және одан тыс көптеген кәсіпорындар жаңадан жұмысын бастап келеді. солардың бірсыпырасына тоқталсақ, Шымкент қаласында жаңадан ашылған шыны табақтардан түрлі бұйымдар жасайтын және өңдейтін «Завод Авангард» ЖШС кәсіпорны өте маңызды жоба. Аталған зауытта жылына 800 мың шаршы метр шыны табақтардан өнім шығарылатын болады. Жобаның жалпы құны 5.8 млрд теңгені құрайды. Осы кәсіпорын арқылы 260 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Завод Авангард» кәсіпорны жобаны іске қосуға қажетті қаражатты «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы тапқан. Сонымен бірге жобаны жүзеге асыруда инвестордың жеке қаржысының да үлесі бар. Шығарылған өнімдердің 70 пайызы еліміздің ішкі нарығына сатылса, қалған 30 пайызы көршілес мемлекеттерге экспортталмақ. 3.2 гектар аумақта орналасқан зауыт құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылдың басында аяқталды.
Қала іргесіндегі «Сауда-логистикалық орталығы» Орталық Азия елдері арасындағы көлік-логистикалық хабқа айналады деген жоспар бар. Сондықтан оның жалпы ел экономикасының дамуына тигізер әсері күшті. Ендігі жерде орталықтың аумағын 136 гектарға ұлғайту туралы шешім қабылданып отыр. Сол арқылы жергілікті әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырып, маусым кезінде ішкі нарықтағы бағалардың күрт өсіп кетпеуін көздейді.
Қорғасын зауытының қалдықтарын өңдеп түсті метал концентратын алатын «Standard Steel KZ» компаниясы ерекше жобалардың бірі. Қорғасын қалдықтарын кәдеке жаратқан жобаны «Саутс Ойл» ЖШС 13.3 млрд теңгеге жүзеге асырып жатыр. Жобаның бірінші кезеңінде жылына 4608 тонна мыс-күміс концентратын алатын зауыт салынды. Екінші кезеңде жылына 20900 тонна мырыш оксидін өндіретін кәсіпорын бой көтереді.
Үшінші мегаполисті әлеуметтік-экономикалық және басқа да салалар бойынша дамыту тікелей Президент тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан өңдеуші кәсіпорындар санын арттыру бағытындағы Мемлекет басшысы тапсырмаларының нақты орындалып жатқанын «Standard Steel KZ» секілді өндіріс орындарының мысалынан білуге болады. Жалпы өндірісті дамытуға арналған Ұлттық жобалар мегаполисте қарқынды жүзеге асуда.