Елдің тілегі басты назарда
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Президенттің тапсырмасына сай ұдайы қала тұрғындарымен кездесіп, арыз-шағымдарына құлақ асып келеді. айталық шаһар басшысының секторлардағы соңғы кездесуінде 137 мәселе анықталып, әр сектордағы тапсырмалардың жүзеге асуы қадағалануда.
Алты сектордың бірі - "Яссы" секторында орталық басшысы тұрғындар сауалдарына сәйкес - 13 тапсырма берген болатын. Тапсырмалардың алтауы орындалды, алтауы орындалу үстінде.
Нәтижесінде, аталған сектордағы Тұран ауылы мен Оралман ауылының Саққорған көшесінде балалар ойын алаңшалары жасақталуда. Шатқал аумағында "Шығармашылық саябағының" құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Инфрақұрылым саласы бойынша: Әл- Фараби, А.Юсупов, Ғ.Мұратбаев, Ю.Гагарин, Тұран ауылы, Әйтеке би, Ғ.Мүсірепов көшелерінің аумақтарында кәріз жүйесі тартылуда. Жүйе жұмысы аяқталғанда алаптың кәріз жүйесімен қамтылуы - 95%-ға жетеді.
Сонымен қатар, 42 көшеге толықтай асфальт басылды, 21 көшеге тас төсеу жұмыстары жасалуда. Одан бөлек, 21 көшеге жаяу жүргінші жолы төселген, 152 көшеге жарықтандыру жүргізілген.
Ал "Сауран" секторындағы өткен соңғы кездесуінде қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков тиісті бөлімдер мен орынбасарларына 41 тапсырма берген болатын. Қазірде аталған тапсырмалардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыстары жүргізілуде.
Сектор көшелеріндегі тазалық күнделікті қадағалануда. Тазалық сақтамаған 61 азаматқа хаттама толтырылды.
Мөлтек аудандарда заңсыз деп танылған 45 нысан анықталып, оның 21-і сүрілді. 369 кәсіпкерлік нысан иелеріне баға тұрақтылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды.
Қала әкімінің тікелей қадағалауымен балалар ойын алаңшаларының тазалығы күшейтілді және Б. Майлин көшесі көгалдандырылып, С.Ерубаев көшесіне аялдама орнатылды.
Қазіргі таңда секторда газ құбыры жүргізілген - 8421 абонент бар. Оның 7982- і көгілдір отын қолдануда. 39 көшеге афальт төселген, 60 көшеге тас төгілген. Жаяу жүргіншілерге арналған жол – 40 көшені қамтыса, 81 көшеге жарықшамдар орнатылған.