Токио олимпиадасында Түркістан спортшылары да ел намысын қорғайды

Oinet.kz 24-03-2021 448

IMG_20210324_194331_257.jpg

Биыл Жапонияның астанасы Токио қаласында кезекті ХХХІІ жазғы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрама командасында өнер көрсететін Түркістан облысының спортшы ұл-қыздары да бар. Олар бес құрлықтың ең таңдаулы деген саңлақтары 21 шілде мен 8 тамыз аралығында Токио олимпиада ойындарында бақтарын сынамақ.

 Əзірге бокстан 52 келі салмақта қазақстандық талантты былғары қолғап шебері, бокстан ұлттық құраманың мүшесі, əлем чемпионатының қола жүлдегері түркістандық Сəкен Бибосынов Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Сонымен қатар, төртжылдықтың басты додасына қатысуға үміткер талантты жерлестеріміздің қатарында  дзюдошы Дидар Хамза мен таеквандошы Нұрлан Мырзабаев бар.  Ал, əйелдер күресі бойынша Токио олимпиадасының жолдамасы үшін Дариға Əбен мен Нулифар Раймова да күш сынасады. Жүзу спорты бойынша бақтарын сынайтын Түркістан облысының дарынды қос спортшысы Қаракөз Даниэль мен Дарья Марасанова да лицензиялық жарыстарға қатысады деп жоспарлануда.

Түркістан облысының спортшы ұл-қыздарының лицензиялық турнирлеріне қатысу үшін халықаралық деңгейде оқу-жаттығу жиындарына жан-жақты дайындық жасауына мол мүмкіндіктер қарастырып отырған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев жерлестерімізге қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, облыс басшысы түркістандық саңлақтардың  ел сенімін ақтайды деген нық сенімде.


Ең үлкен кітапхана Түркістанда пайдалануға беріледі
Ел ағалары түркістандық спортшыларға сенеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу