Өмірзақ Шөкеев Ордабасыда ардагерлермен кездесті

Oinet.kz 27-03-2021 1004

IMG_20210327_182011_824.jpg

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданының ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өңірде атқарылған жұмыстарды саралады. Ашық әңгіме барысында аға буын өкілдері облыс басшысының алдында бірнеше мәселені көтеріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесу барысында ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуы мәселелері ортаға салынды.

IMG_20210327_182011_637.jpg

Әлемді жаулаған індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Пандемия талаптарын сақтай отырып, барлық аудан ақсақалдарымен тұрақты түрде кездесу өткізіп тұруды жөн санадық. Барлық аудан, қалалардың ақсақалдарымен жүздесіп, орын алып жатқан оңды жағдайлар мен олқылықтар жайлы талқылаймыз. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды, – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. 

Абыз ақсақалдар ауыл шаруашылығы мәселесі мен ағын су және туризм жайлы сөз қозғады. Егістікте пайдаланыланатын ағын су бағасы еліміз бойынша ең төменгі мөлшерде. Отырыста осыған дейін жеке қолда болған бұл саланың бүгінде мемлекет меншігіне өтіп, заңдастырылғаны жайлы айтылды. Нәтижесінде су арналары механикалық тазалаудан өткізілуде. Туризмді дамыту да басты назарда. Ардагерлер ауданда "саумалмен емдеу" секілді сауықтыру орындарын ашуды қолға алуды ұсынды. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы ортаға салынған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын жеткізді. 


Боралдай су қоймасы диқандар өнімдерін еселеуге көмектеседі
Ең үлкен кітапхана Түркістанда пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу