Сауықтыру туризмі Ордабасы ауданында дамиды

Oinet.kz 27-03-2021 1081

FB_IMG_1616845548006.jpg

Ордабасы ауданында денсаулыққа пайдасы көл-көсір жер асты суын емдік мақсатта пайдаланып, сауықтыру туризмін дамыту көзделіп отыр. Осы мақсатта Бөген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын жерасты минералды суын тиімді пайдаланып, жанға дауа, дертке шипа іздегендер үшін оңалту-сауықтыру орталығы ретінде қолдану көзделуде. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды. Осылайша ауданда  шипалы табиғи минералды су көздерін пайдалану дамитын болады. Жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жобаны қолдады.

FB_IMG_1616845544426.jpg

Сапар барысында облыс басшысы Шұбарсу ауылындағы жекеменшік емхананың жұмысымен танысты. Ауысымына 250 адам қабылдауға қуатты медициналық мекемеде 125 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы ауданда 51 денсаулық сақтау мекемесі бар.

FB_IMG_1616844319991.jpg

Бұған дейін хабарланғандай, облыс әкімі ардагерлермен ақылдасып, аудандардағы елді мекендерді дамытуды бірге талқылайтын болған. Сол дәстүр бойынша өңір басшысы Ордабасы ауданының ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өңірде атқарылған жұмыстарды бірге саралады. Ашық әңгіме барысында аға буын өкілдері облыс басшысының алдында бірнеше мәселені көтеріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесу барысында ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, қоғамдық – саяси тұрақтылықтың сақталуы мәселелері ортаға салынды. Соның арасында айтылған ұсыныстардың бірі  ауданда "саумалмен емдеу" секілді сауықтыру орындарын ашуды қолға алу болды. Өмірзақ Шөкеев ортаға салынған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын жеткізді.




Өмірзақ Шөкеев ардагерлермен ақылдасуды дәстүрге айналдырмақшы
Боралдай су қоймасы диқандар өнімдерін еселеуге көмектеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу