Түркістандағы Оқушылар сарайында 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді

Oinet.kz 18-03-2021 411

161899217_477822406918168_1724400881570306189_n.jpg

Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген Оқушылар сарайы өз жұмысын бастады. Жұмысы жаңадан жанданып келе жатқан білім шаңырағында Астанадан, Алматыдан келген өз саласының талантты әрі тәжірибелі мамандары әртүрлі бағыттағы студиялар мен үйірмелерге жетекшілік етеді.

Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, Оқушылар сарайында  жас жеткіншектеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда Технопарк, «Sana» IT орталығында (Робототехнка, фотоАрт, Web дамыту, Мобилография, логика дамыту, 2D және 3D модельдеу), Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Спорт бөлімі (шахмат, футбол, баскетбол, волейбол, гимнастика, балет, спорттық бал билері мен халық билері, заманауи би үйірмелері бар). Ғылым орталығы (физика, математика, биология, химия, тарих т.б барлық пәндер бойынша Дарын, Білім иновация мектептеріне және Назарбаев зияткерлік мектептеріне (дайындық), Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), Продюссерлік орталықта балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау т.б барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді. 

Оқушылар сарайында 1000-нан астам оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар. Тұл жартылай жетім, арнаулы білімді қажет ететін балаларға білім алу  тегін. Көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, тұрмысы төмен және мемлекеттен әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларына жеңілдіктер қарастырылған. 

Аталған сарай  ұжымы мен ондағы білім алатын оқушылардың өнері мен білімдері сараланды. Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев бірқатар өнерлі өрендерге алғысын білдіріп, марапаттады.


Өмірзақ Шөкеев 100 мыңнан астам тұрғынды құттықтады
Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 млн. көшет отырғызылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу