Түркістан облысында 47 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды

Oinet.kz 12-03-2021 398

159942584_904406060307678_5185256833425274778_n.jpg

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары барысында Түркістан өңірінде былтыр 659 жер иеленушінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы 86 мың гектар жері пайдаланылмай жатқандығы анықталған. Оның 8,2 мың гектары – егістік, 4,7 мың гектары – суармалы, 77,8 мың гектары – жайылым. Бұл туралы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Самат Рамазанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

203 жер иеленуші пайдаланылмай жатқан 47,1 мың гектарды өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарса, 82 шаруа 8,6 мың гектарды қайта игеруге кіріскен. Сондай-ақ, 374 жер иесінің 30,3 мың гектар жерін аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде.

– Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылға арналған жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритмі әзірленді. Алгоритм бойынша бірінші кезекте жайылым тапшылығы орын алған елді мекендер маңындағы халықтың мұқтажына алынатын 152 учаске анықталды. Биыл 129,6 мың гектарды құрайтын жайылымдық жерді халықтың мұқтажына алу жоспарлануда. Жылдың соңына дейін жайылымның көлемін 741,8 мың гектарға арттыру жоспарлануда, – деді Самат Маратұлы.

Сонымен қатар, былтыр жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алуға 119 мың 44 азамат кезекке тіркелген. Негізінен, кезекте тұрғандардың басым бөлігі Түркістан қаласы, Сайрам, Сарыағаш және Келес аудандарының тұрғындары. 2020 жылдың қорытындысымен жалпы 301 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға берілген.


Түркістандықтар сапалы энергия мен табиғи газ тұтынатын болады
Түркістан облысы кірістер бойынша елімізде көш бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу