Жұмыссыздарға қолдау көрсетілуде
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде түлкібастық 70 азамат жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізде карантин кезінде түрлі себептермен жұмыссыз қалған халыққа мемлекет арапынан жан-жақты қолдаулар күшейтілгені белгілі. Соның бірі, жұмыссыз қалған тұрғындарды уақытша жұмыспен қамту.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бағыттары көзделген. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінгі таңда ауданымызда 6 жоба іске асуда. Олар, 3-і мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-і инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында.
Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 азамат жұмылдырылса соңын, 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Яғни, бағдарламаның тәртібіне сәйкес жұмысшылардың 50 пайызы жергілікті тұрғындарды құрап отыр. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан тағыда бір қолдау түріне ие болып отыр.