Кәсіподақ көмек көрсетті

Oinet.kz 18-06-2020 520

Screenshot_2.png

Мақтаарал ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Екі жақтың келісімімен Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы (ӨКФ) тарапынан мамыр айының басында  Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елді мекен  тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қазақстан және Өзбекстан делегациясы «Өргебас» және Фердоуси ауылдарына барып, су апаты зардаптарын жою барысындағы атқарылған жұмыстардың барысымен және «Достық», «Жеңіс», «Жаңа-тұрмыс» елді мекендеріндегі су тасқыны кесірінен баспанасыз қалған азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.  

  Сондай-ақ, екі елдің кәсіподақ төрағалары Мырзакент кентінде жергілікті тұрғындармен  және су апатынан зардап шеккен елді мекендердегі мектеп  басшыларымен кездесті.

ҚРКФ басшысы Аманжолов, Мүсірепов, Фердоуси атындағы орта мектептер мен «Нұрлы жол» елді мекеніндегі білім ұясына  25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті.

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің 100 тұрғынына ҚРКФ қарасты «Көктем», «Меркі», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинск» шипажайларына жолдама беріліп, ем қабылдауларына мүмкіндік жасалынып отыр.  Тегін жолдамалар зейнеткерлер, мұғалімдер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да берілді.

Апаттан зардап шеккен ауданның мұғалімдеріне Республикалық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы тарапынан да елеулі қолдау көрсетіліп, 365 білім саласы кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек ретінде 35 мың теңгеден берілді. ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары 50 млн. теңгенің көмегін көрсетті.

Өзбекстан кәсіподақтары жалпы сомасы 16 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек алып келді. Соның ішінде алғашқы қажеттілік тауарлары,  құрылыс материалдары, төсек-орын жабдықтары мен азық-түліктер бар.


Қазығұртта «Түркістан облысында ҮЕҰ-ды дамыту» жобасы бойынша кездесу өтті
Әр секторда ауқымды істер атқарылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу