Қазығұртта ауыл шаруашылық саласы қарқынды

Oinet.kz 10-06-2020 853

Қазығұрт өңірінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығын дамытып, шаруа қожалықтарының экспортын еселеуге ерекше ден қойылып келеді.  Бүгінде ауданда нарыққа неғұрлым қажетті өнім түрлеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту және әртараптандыру қажеттігі, сондай-ақ суармалы жердің айналымын енгізу бағдарламаның басымдықтарына баса назар аударылып отыр.

Ауыл шаруашылық өнімдері бір жылда 5,6 пайызға қымбаттады

Қазығұрт еліміздің климаты ауыл шаруашылығына аса қолайлы өлкеде орналасқан. Мәселен Жыл басынан бергі 3 айда аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6367,8 млн. теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайыз болып отыр.

Соңғы жылдары Қазығұрт ауданында төрт түлікті көбейтіп, пайда табушылардың қатарың қалыңдады. Мұнда осы салаға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, қазығұрттық шаруалар мемлекет қолдауының арқасында шаруаларын одан әрі қарай кеңейтуде. Биылғы жылды өзінде мал шаруашылығы өнімдерін арттыруға арналған жоспар 107,3 %-ке орындалған.

Ауданда осы күндері ата кәсіпті дамытып, ет экспортын еселеуге ерекше ден қойылып келеді. Оның үстіне етке деген сұраныс та жыл санап артып отыр. Сондықтан аудан жұртшылығы тиімді салаға баса назар аудара бастады.
Осыған байланысты, мал басын көбейтуді көздеген келелі бағдарламалар қаржыландырылып, мол жетістіктерге қол жетіп жүр. Төрт түлік саны уақыт өткен сайын артып келеді. Соған сай, төрт түлік санын көбейте түсуді көздеген келелі бастамалар молынан қаржыландырылып, ұнамды көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ірі қара мал саны 8 900  немесе 103,1 пайызға, қой саны 391 200 немесе 103,8 пайызға, ешкі саны 21 100 немесе 96,5 пайызға, жылқы саны 34 000 немесе 96,5 пайызға және құстар саны 80 300 немесе 111,9 пайызға артқан.

Ауданда мал мен құс еті 2020 жылдың 3 айында 5646,7 тонна өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 107,3 пайызды, сүт 10812,3 тонна өндіріліп 101,3 пайызды, жұмыртқа 1510,6 дана өндіріліп 102,7 пайызды құрады.

Ендігі бір басты мақсат - экспорттық әлеуетті арттыру. Ол үшін асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сапалы өнім дайындау сынды салмақты міндеттерді орындау керек. Сонда көздегенге қол жетпек.

Ауданда қаізрге егін шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Егістік жерді игеру 84,5 гектарға жоспарланса, қазіргі уақытқа дейін 81,7 га (96,7%) жүзеге асырылған. 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру 75 жоспарланып, қазіргі таңға 43-і  енгізілді, жоспар 57,3 пайызға орындалды.

Соңғы жылдары мұнда егістік алқаптарының  көлемі артып, ондағы дәнді дақылдар 42600-ді құрап отыр. Оның ішінде бидай, арпа, дәндік жүгері, бұршақтық дақылдар, мақсары, күнбағыс, картоп, көкөністер, бақша өнімдері, мал азықтық дақылдар да кездеседі. Егін мен мал шаруашылығын қатар игерген өңір шаруалары биыл да дәнді-дақылдан мол өнім алып, экспортты еселеуді жоспарлап отыр.

Қазығұрт ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Оны ағымдағы жылдың 3 айындағы жоғары көрсеткіштерден анық аңғаруға болады. Аудан әкімдігінің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - экономиканың негізгі драйверіне айналдыру. Ата кәсібіміз мал және егін шаруашылығын дамыта отырып, алдымен жергілікті тұрғындарды толық өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету. Ел болып, жұрт болып, осы жолда еңбек етілсе, бұған толық мүмкіндік бары сөзсіз.

Түлкібас: Алма, жүзім өнімдерін қайта өңтеу қарыштап тұр
Түлкібас: Құрылыс жұмыстары жалғасын табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу