Дональд Трамп: "Иран террористерді қолдауын тоқтатуы тиіс"

Oinet.kz 09-01-2020 1492

Иран ядролық амбициясынан бас тартып, террористерді қолдауын тоқтатуы тиіс. АҚШ президенті осындай мәлімдеме жасады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран америкалық әскери базаға зымыран ұшырғаннан кейін мәлімдеме жасады. Оның сөзін тікелей эфирде FoxNews телеарнасы көрсетті.

Трамп АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар салатынын айтты.

"АҚШ шұғыл түрде Иранға қатысты қосымша санкциялар салады. Иран өз ұстанымын өзгерткенге дейін бұл санкциялар күшін жоймайды", - деді ол.

Znalezione obrazy dla zapytania трамп

Сондай-ақ, АҚШ көшбасшысы НАТО-ның Таяу Шығыс елдерінің мәселесіне әлдеқайда белсенді қатысуы керек екенін атап өтті. 

"Мен бүгін НАТО-ның таяу шығыс процесіне белсенді қатысуын сұраймын, - деді Трамп америкалықтарға. - Мен президент болып тұрғанда Иранның ядролық қаруға ие болуына мүмкіндік берілмейді. Иран одан бас тартып, террористерді қолдауын тоқтатуы керек", - деді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, зымырандардың салдарынан америкалықтар зардап шекпеген.

"Кеше кешке болған шабуылдан америкалықтар зардап шеккен жоқ. Біздің жауынгерлеріміздің бәрі қауіпсіздікте, тек біздің базамызға аздаған зақым келді", - деді Трамп.

Ол ерте алдын алудың арқасында адам шығыны болмағанын айтты. 

"Иран халқы және билігі: біз сіздерде керемет болашақ болғанын қалаймыз. Сіздер оған лайықсыздар. АҚШ бейбітшілік іздегендердің әрқайсымен бейбіт қарым-қатынас орнатуға дайын", - деді Трамп.

Абай туралы телесериал түсірілмек
Тоныкөк – даңғайыр жырау, данышпан білге, дарабоз қолбасшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу